оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-
ойындық әрекеттер
деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың
«квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан.
Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру
жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе
педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның
субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы
сондай, кейде оларды ажырату да қиын.
Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл
орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты
болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың
ерекшеліктерін анықтап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |