Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет175/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Идеяның пайда болуы: 
а) белгілі бір құбылыстың немесе бейненің, обьектінің түрткі 
болуынан; 
б) жоба нәтижесіне жеткізетін жаңа құралдар пайда болуынан; 
в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның түрткі 
болуынан; 
Идеяны жүзеге асыру арқылы
: а) нәтижеге қол жетуі; б) идеяның 
жұмыс барысында күрделенуі арқылы оның бір жақты бөлігі бөлініп, жоба 
ретінде алынады. Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, 
әрі жедел орындалуы мүмкіндігі анықталғанда, орындау жолы өте күрделі, 
әрі қалыптасқан жағдайлар мен ресурстарға сәйкес келмеген жағдайда; 
Аталған сипаттамалар - негізінен оқушылардың жобалау әрекеттеріне 
тән құбылыстар.Ал, егер оқушылардың жұмысына педагогтар немесе басқа 
да ересек адамдар араласқанда аталған жағдайларға өзгеріс енеді. Өйткені, 
педагог оқушыларға алға қойған жобалау әрекеті бойынша кездесуі мүмкін 
проблемаларды көрсетуі, ресурстардың шектеулілігі, т.б айқындап беруі. 
Мысалы, оқушыларға экскурсия алдында нақты тапсырма беруі арқылы 
мұғалім оқушыларға өз ойларын үнемі жинақтап отыруға үйренеді, сол 
арқылы экскурсия нәтижесінде жаңа жоба жасауға тартуға да мүмкіндік 
алады. 
Жобалау ситуациясының барлық қырларын байланыстыра 
отырып, педагог идея мен оны орындау жолдарының тиімді құрылымын 
жасақтауға ықпал етеді. Сондай – ақ, мұғалімнің үнемі бақылап, түзетіп 
отыруы оқушыны өз ісін аяқтай білуге үйретеді. 
Бұл жағдайлар, жобалау әрекетінде оқушымен қатар педагогтың 
жетекші ролін тағы да дәлелдейді. Оқыту әрекеттеріне айырмашылығы – 
оның еркіндігінде. Сондықтан жобалау әрекетінің тиімді болуының маңызды 
факторы – педагогтың кәсіби құзіреттілігінде. Жобалауға негізгі әрекеттерді 
сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға да болмайды. Оның басты 
құралдары – үнемі қадағалау және түзетіп отыру ғана. Мұғалім 


басшылығымен орындалатын жобалар да төмендегі өзгерістерге түсе алады, 
пайда болады, дами алады. 
Мұғалім 
ұсынған 
жобалау 
идеясы, 
тақырыбы, 
оқушының 
шығармашылық 
жұмысын 
айналып, 
оның 
ізденіс 
тақырыбына, 
баяндамаларына айналады. 
Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы жобалау идеясына 
айналып, идея мен оны орындау бірігіп кетеді. Жобалау өнімі нәтиже ретінде 
айқындалып, ол орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда 
идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік деңгейі төмен 
болуы мүмкін. 
Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл кезде 
нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға барлық жағдайлар 
жасалады, бұнда шығармашылық аспект аз қаралып, өнімнің сипатына көп 
көңіл бөлінеді. Оның оқушылар үшін маңыздылығы, өз әрекеттерін 
ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, үйренуге 
мүмкіндік жасалатынында. 
Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді 
ескере отырып топтар құру, оқушылардың өзгеріске түсетін жобаларға 
қатысуға мүмкіндік жасау қажет болады дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет