өтуге таңдау жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары өз
сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан өтуге міндетті.
Сондықтан негізгі және орта білім сатылары белгілі бір білім мазмұнын
игере отырып, осы нәтижені аяқтауға тиіс болады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын класс ішінде,
бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге
жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және
орта мектептерде білім беру кеңістігі класпен де, мектеппен де шектелмейді.
Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б.
бағыттарда еркін оқи алады.
Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үрдісі оқушыларға
оқу – тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің
аясын кеңітуге жағдай жасайды.
Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бөлмесі, сабақ – бұлжымас
оқу түрі, сондай – ақ, кабинеттік жүйе (химия лабораторияларымен,
биология, өсімдіктер, жануарлар әлемімен, физика – лабораториялық құрал -
жабдықтарымен) пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс -
әрекеттері мұғаліммен қатынасқа құрылса, негізгі және орта мектептерде –
пән бойынша оқшаулану басым, яғни пәндік кеңістікке құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: