Педагогикалық ұжымды дамытуға қажетті өзгерістер
. Кез - келген
ұйым, соның ішінде білім беру ұйымы институционалдық сипатта
болғандықтан, сондықтан оған қажет болатын өзгерістер деңгейі ұжымда
қалыптасқан қарым - қатынастарға байланысты жасалады. Педагогикалық
ұжымға қатысты қарастырсақ, ондағы ұйымдастырушылық өзгерістерді
білдіретін, біріншіден, ұжымның өзіндік ерекшеліктері, білім беруді
ұйымдастыру тәжірибесі, педагогикалық дәстүрлері, әлеуметтік -
психологиялық жағдайлары, т.б., екіншіден, ұжымның ішкі ұйымдастырылу
тәртібі, педагогтардың кәсібилігі және жалпы деңгейі, ұжымның
құрылымы, ондағы қарым - қатынастар, т.б.
Қалыптасқан ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне белгілі бір
дәрежеде еркіндік пен сенімділік береді. Білім беру ұйымдарын дамыту
өзгерістері қалыптасқан құндылықтардың өзгеруіне әкелетіндіктен, оларды
енгізу ұйым мүшелерінің мақұлдауын қажет етеді. Сондықтан,
ұйымдастырушылық өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы оны ең әуелі
сол ұжымдағы адамдардың дайындығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана
мүмкін болады.
Педагогикалық ұжымның жаңа талаптарға сай
өзгерістерін қамтамасыз
ету ұйымдастырудың
жобалауға негізделген жаңа моделін жасауды
қажет
етеді. Өйткені, педагогтарды бірлескен шығармашылық жұмыстарға тарту,
олардың мүмкіндіктерін анықтай білу және пайдалану, өзгелермен қарым –
қатынас жасау, проблемаларды талдау мен шеше білу жолдарын меңгеруде
жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тиімді болады.
Педагогикалық ұжымда жүзеге асырылатын жобалау әрекеті ең
алдымен, педагогтардың құзыреттілігін дамытуға бағытталса, олар оқыту
барысында білім алушылармен жаңа субъектаралық қарым - қатынастар
орнату арқылы білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі.
Білім беру ұйымдарын дамытуда
Достарыңызбен бөлісу: