–
жобалау ұжымның әрбір мүшесі үшін құндылықтары мен
қабілеттерінің, дағдылары мен ішкі сенімдерінің өзгеруіне
ықпал етеді;
–
жобалау педагогтарға жаңа іс - әрекет түрлеріне қатысуға,
оларды игеруге мүмкіндік
береді
, сонда - ғана олардың бойында
өзгерістер жасауға қабілеттілік пайда болады;
Сөйтіп, қазіргі заман талаптарына сай болу үшін білім беру жүйелеріне
қажет іс - әрекеттер: оқытудың жаңа идеялары, әдістері мен
технологиялары, білім беру
инфраструктурасының жаңартылуы, т.б.
жобалауды игеру нәтижесінде мүмкін болатын өзгерістер.
Педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарының жаңа сапасын
қалыптастыру
мақсатындағы
өзгерістер
ең
әуелі,
педагогтардың
инновациялық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталса, оның нәтижесі білім
берушілермен қарым - қатынастың өзгеруіне әкеледі.
Осылайша, педагогкалық ұжымды арнайы дайындау арқылы олардың
педагогикалық қызметін жаңаша ұйымдастыруына қажетті құзыреттілік
сапалары қалыптасады деуге болады.
Жобалау әрекетін жүзеге асыру оны ұйымдастыратын адамдардың
құзыреттілігінің жоғары болуын талап етеді, өйткені, ұйымдағы
педагогтардың жобалауды өз тәжірибелеріне ендіруі үшін
қолайлы жағдай
қалыптастыру қажет.
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту олардың оқытудағы
жобалаудың мазмұны мен әдістерін меңгеру, оның тиімділігін бағалау
көрсеткіштері мен өлшемдерін жасай білуді меңгеруіне тығыз байланысты.
Ол үшін, алдымен, педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы
құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бағдарламасының мазмұнын, соған
орай, күтілетін нәтижесін құрастыру керек. Олар төмендегі құзыреттіліктер
болып анықталады:
–
жаңа нәтижелерге бағытталған оқыту үрдісін жобалай білу және
оны жүзеге асырылу жолдарын жасай білуі;
–
оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу;
–
жобалардың тиімділігін бағалай білуі;
Одан кейін, бағдарлама бойынша жоспарланған оқыту мен тәжірибені
ұштастыру барысында жобалау әдістерін игерген педагогтардың аталған
құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі олардың жұмыс өнімдері, немесе,
күтілетін нәтижелері
- жасалған
жобаларға сараптама беріледі.
Сараптама
бірнеше деңгейлерде ұйымдастырыла алады: берілген өлшемдерге сәйкес
өзіндік сараптама, жобалау қызметін ұйымдастырушы сараптамасы, немесе,
басқа ұйымнан шақырылған тәуелсіз сараптамашы
-
маман бағасы.
Жобаларды бағалаудың бүгінгі күні бірнеше өлшемдері мен
көрсеткіштері қалыптасып отыр, олардың ең көп пайдаланылатыны
төмендегі бағалау картасы:
Өзектілігін бағалау.
Жобалау оқытуда белгілі бір қиындықтар
туғызып отырған проблемаларды анықтап, оны тиімді шешуге бағытталған
болуы тиіс. Осындай проблемалық
бағыттарды айқындау, талдау жасау
арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну, жобалау маңызды мәселеге
бағытталғанын көрсетеді.
Өлшемдері болуын бағалау.
Жобалау нәтижесі қалыптасқан
жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала
анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобаның қандай көрсеткіштері
нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай
параметрлер арқылы өлшеуге
болады және олар немен өлшенеді?
Қолжетімдігін бағалау.
Жобалаудың қолжетімдік стратегиясын
жүзеге асыру оның күтілетін нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны
орындау жолдары мен механизмдерінің нақты кезеңдері мен алгоритмінің
жасалуынан белгілі болады.
Шынайылығын бағалау.
Жобалауды іске асыратын лайықты адамдар
тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті
ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде
жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды.
Уақыт шектеулерінің белгіленуін бағалау.
Бұл жобалау қызметінің
басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді
және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін
нәтижелерінің нақты
белгіленуінен көрінеді.
Болуы мүмкін күтілетін кедергілермен тәукелелдік дәрежесінің
анықталуы
. Жобалау барысында осыған ұқсас тәжірибелерді зерттеу және
талдау арқылы алдын ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін
кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала
белгіленуі.
Жобаның өміршеңдігін
бағалау.
Оның мәнісі жоба жетекшілерінің
алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі
жағдайын анықтау болып табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе,
ол үшін
қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Міне, осы
талдаулардың болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.
Берілген талаптарға сай педагогикалық ұжымның дамуын қамтамасыз
ететін
мақсаттық
-
бағдарлы жобаларды
ұйымдастыру және оның
тиімділігін аталған көрсеткіштер арқылы бағалау жобалаудың тиімділігін
қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, жаңа білім беру нәтижелері мазмұны жағынан білім,
білік, дағдыларға бағытталған дәстүрлі білім беру шеңберінен шығып,
адамның тұлғалық сапаларын әрекеттік тұрғыдан қалыптастыруды көздейтін
жаңа талаптар білім беру ұйымдарының өзгерістерін қажет ететіні белгілі
болды. Сондықтан, педагогикалық ұжымдарда болашақ өзгерістердің алдын
– ала дайындық жүргізілуі тиіс. Өзгерістердің алдын – ала дайындық
дегеніміз қол жеткен нәтижелерді талдау барысында болашақ жағдайды
ілгері көре білу, соған сай жүйенің дамуын қамтамасыз ететін ресурстарды
алдын – ала даярлай білу дегенді білдіреді.
Алдын – ала даярлық педагогикалық
ұжымның тұрақты дамуына
мүмкіндік береді, өйткені, бұл жағдайда төмендегі қызметтер жүзеге
асырылады: педагогикалық ұжымды дамытудағы нақты жаңа өзгерістер
алдын – ала белгіленеді; ұжым мүшелерінің бірлескен әрекеттері барысында
аталған өзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктер анықталады;
педагогтар бойында жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттіліктерін
арттыратын жобалау арқылы оқыту бағдарламасын құрастырылады және
жүзеге асырылады. Сөйтіп, жобалау негізінде педагогтар құзыреттіліктерін
қалыптастыру олардың өзгерістер жағдайында нәтижелі жұмыс жасауына
қажетті инновациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: