белсенділігі жеткіліксіз, оларға қоса жобаның мәселелеріні талқылауға дайын
жобаға қатысты адамдардың да белсенділігі маңызды. Жобалау іс-әрекетінің
ерекшелігі қабылданған шешімдер және ғылыми негізделген барлық ойлар
мен ұсыныстардың ескерілу міндеттілігінде. Педагогикалық жобаның
мәселесін талқылауға кәсіби мамандар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар
белсене қатысатын болса, педагогикалық жобаның сапасы едәуір көтеріледі.
Шынайылық талабы жобаның мақсатына жетудегі кепілділікті қамтамасыз
етумен байланысты. Бұл үшін жобаға қатысушыларда, өздері ойластырған
мақсаттарына жету үшін белгілі деңгейде білім, біліктиері болуы керек.
Бұдан бөлек, жоба ресурстармен қамтамасыз етілуі керек.
Басқарудағы талап. Жобалау іс-әрекетіндегі басқару тиімділігі көбіне жүзеге
асырылатын
процедуралардың
мазмұндық
және
технологиялық
айқындылығы, кез-келген әрекеттің уақыттық регламентінің қажеттілігі мен
байланысты тәртіптің болуымен сипатталады. Басқарудың сәтті болуына,
диагностикалық, эксперименттік және т. б. ақпараттарды қажет ететін,
әрқайсы жобалау процедураларын ақпараттармен қамтамасыз етуде үлкен
үлес қосады.
Жобалау іс-әрекетінің технологиялылығы бірлескен және реттелген кезеңдік
әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігіне негізделген. Жүзеге асырылған эффект
бірлескен әрекеттің нәтижесі ретінде де, жобаға қатысушылардың жеке
көрсеткіші ретінде де көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: