Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді
мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін
емес.
Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру –
мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып
табылады.
Осы бағыттардағы нақты жұмыстар жүзеге асырылуда, атап айтқанда,
орта мектептер интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға
арналған база деп
анықталып, елімізде бірнеше интеллектуалдық мектептер ашылды.
Болашақта оларда қалыптасқан инновациялық модель жалпы білім беретін
мектептері желісіне тарайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Астанадағы
Назарбаев университеті - жоғары білім берудегі негізгі серпінді жоба болып
табылады, оның негізіне алынатын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер
тәжірибелері зерделенуде. «Интеллектуалды ұлт» жобасының тағы бір
бағыты ретінде ғылымды дамыту мен еліміздің
ғылыми әлеуетін көтеру
жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің
ұсынысы мен оны бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс берушілердің
сұранысы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін Адами капиталды
дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда.
Аталған «интеллектуалды ұлт» пен «білімдар экономиканы»
қалыптастыру бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді, олар:
педагогтардың
мәртебесін көтеру; білім беру жүйесінің экономикалық
тетіктерін жаңғырту; білім беруді басқаруды жетілдіру.
Н.Назарбаевтың «білім реформасының басты көрсеткіші - біздің
еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және біліктілікті меңгерген әрбір
азаматының әлемнің кез келген елінде қажет маман ретінде танылатын
денгейге жету» деген талаптарын білім берудің
нәтижелерін анықтауға
тікелей қатысты деп айтуға болады. Сонымен қатар, аталған Жолдауда
еліміздің дамуын
«парасатты экономика»
негізінде жүзеге асыру идеясы
ұсынылып, отандық білім беру жүйесінің
алдына
Достарыңызбен бөлісу: