Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет312/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін 
ескерудің маңызы 
2.
Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің 
үйымдастыру жолдары 
3.
Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні 
4.
Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер 
5.
Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары 
сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері
6.
Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы 
7.
Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы 
 


11-семинар. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды 
ұйымдастыру 
 
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: 
бастауыш, негізгі және жоғары сатылар
Біз жоғарыда білім беру тек 
нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың 
белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен 
едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім 
берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз. 
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар, немесе 
шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын 
микро – жобалар
беріледі. 
Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан 
әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой – қиялын қозғайтын 
жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да 
берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік 
жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына 
ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі 
оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін 
бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. 
Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым – қатынас, бірін – бірі тыңдау, 
бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау 
әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады. 
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік 
тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі 
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз 
қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта 
орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен 
жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа 
сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін 
ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер 
етеді. Сондай – ақ, микрожоба барысында олардың мінез – құлқында пайда 
болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі басқара білу, өзгелермен санасу 
сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз. 
Жобалау әрекетінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет