отырып шешу жолдарын жасауға бағытталған
әлеуметтік технологияға
жатады. Жобалаудың мақсаты – басқарушылық шешімді алдын -ала ғылыми
негіздеу...». Автор сонымен қатар, аталған технологияның ғылым мен
тәжірибеде сол кезде терең қарастырылмағанын «үш бөліктен тұратын -
болжау - жобалау – бағдарлама, немесе жоспарлау - басқару жүйесінде
ортаңғы бөліктің, яғни әлеуметтік жобалау бөлігінің болмауынан» деп
түсіндіреді, - өйткені дәл «сол бөлікте әлеуметтік үдерістерді басқарудың
тиімділігін арттыратын ғылыми негіздемелердің үлкен резерві жатыр» дейді.
Жобалаудың осы сипаттары әлеуметтік басқаруды ғылыми негіздеумен
тығыз байланысты
әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге
бағытталған әлеуметтік жобалар құруға
мүмкіндік туғызады.
Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару бағдарламалары
алдын-ала жасалатын болғандықтан жобалауды болжау мақсатында да
пайдалануға болады, оны болжаулық жобалау деп те атайды. Жобалауды
әлеуметтік ортада шағын топтарда қолдану әрекеті басқарушылық ықпал
етудің бір түрі деп қарастырылады, бұл жерде жобалау басқарудың бөлігі
деп есептеледі. Жобалау идеялары мен әлеуметтік жобаларды басқарудың
жақындастырылуы әлеуметтік жобалаудың пайда болуына әкелуде, бұл
көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарының нақтылануға әсер
етеді.
Жобалаудың тағы бір қызметі –
Достарыңызбен бөлісу: