Әлеуметтік жүйелерде мемлекеттікке қарағанда қоғамдық фактор
бағдарламалық тұрғысынан жетекші ролге ие болса, онда басқарудың
қоғамдық түрі, ал мемлекеттікке бағынышты позицияда болса, мемлекеттік-
қоғамдық басқару сипатына ие болады. Бұл жерде «қоғамдық» деген түсінік
тұрғындардың тарихи, мәдени–ұлттық және тілдік қоғамдасуы ретінде
қарастырылады, оны бүгінгі жағдайда әлі де дамыту қажеттігі белгілі.
Сондықтан, қазіргі кезеңдегі басқарудың тек мемлекеттіктен түрінен гөрі,
мемлекеттік-қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік түрлері болғаны жөн.
Осылайша,
жобалау
қызметінің
басқаруға
объект
болатын
басқарылушы әрекетті дамыту, қайта жаңғыртуды көздейтін негізгі қызметі
ретіндегі процессуалдық сипаттамасының әдіснамалық негіздері
қалыптасуымен қатар, жобалау қызметі технологиялық жағынан да
қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік жобалау
даму барысында мәдениет пен ғылымға қатысты
ерекше қатынастарымен сипатталады. Мысалы, О.И.Генисаретский мәдени
үрдістерді тиімді басқаруда әлеуметтік жобалауға сүйену
арқылы
мәдениеттің әлеуметтік қызметін жетілдіру, рухани мәдениетті әлеуметтік –
мәдени жүйенің дербес саласына айналдыру мүмкін болады дейді.
Осылайша, жобалау феномені мен оның дамуын тек басқару
тұрғысынан ғана емес әлеуметтік - мәдени көзқарастар тұрғысынан
қарастыру қажеттігіне назар аударылуда. Мысалы, жобалау барысында
мәдени үрдіс «бізге тәуелсіз күйінде емес, біз ықпал ете алатын объект
жағдайында қарастырылады, бірақ бұл жерде біздің әрекетіміз - жобалар мен
бағдарламалар - сол объектінің табиғатына сай болуы міндетті» дейді. Бұлар
жобалаудың бүгінгі педагогикалық парадигмаға сәйкес келеді және
әлеуметтік дамудың абстарктілік болашағында емес, әрекеттің жақын даму
аймағында орындауға толық мүмкіндік бар қызмет деуге негіз болады.
Жобалаудың әлеуметтік – мәдени тәсілдеріне тән белгілері:
–
әлеуметтік - мәдени тәсілдер конструктивті
және нақты болуы
тиіс;
–
әлеуметтік – мәдени тәсілдер тұтас объектіге дербес бағытталып,
жобалау амалдарының көп варианттылығы мен мүмкіндіктерін
көбейтеді;
–
әлеуметтік құбылыстар жай ғана қайта құру объектілері болып
қарастырылмайды, сондықтан үрдіске тартылған әрбір адам
ұжымдық әрекеттің белсенді қатысушысы болып табылады және
әрбір субъектімен тығыз байланыста болады.
–
әлеуметтік - мәдени тәсілдер өз объектілері мен субъектілері
қатысатын
үрдістерді
өмір
сүру
ортасынан
бөлек
қарастырмайды, ол нақты қалыптасқан тарихи ортадағы
әлеуметтік үрдіс пен құбылыс тұрғысынан зерттеледі.
–
әлеуметтік – мәдени тәсілдер мен оған қатысты жобалау
әрекеттері көп вариантты, өзгермелі болады, және үрдіс
барысында да пайда болған жағдайларды
есепке алу арқылы
жаңа жобалық шешімдер қабылдануы, басқа нұсқаларды негізге
алуды да жоққа шығармайды.
–
әлеуметтік – мәдени тәсілдер әлеуметтік саясат, бағдарламалар,
жобалаулар механизмдері негізінде жүзеге асырылады, олар өз
кезегінде ұйымдастырушылық, басқарушылық,
инновациялық
бағдарламаларды қажет ете алады. Бұл жағдайда әрбір
әлеуметтік – мәдени тәсілдің тиімді қызмет етуі соған сәйкес
технологияны жүзеге асыруға байланысты болады.
–
әлеуметтік – мәдени тәсілдер біртекті процедура емес, ол
бағдарламалық әрекеттердің сценарийін құрастыруды қажет
етеді. Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей
өзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма, немесе бұрынғы жүйе
сипатына қайта оралу ма,
нақтыланып алынады, сөйтіп барлық
әрекеттер мақсатқа сай құрылады.
Осы жерде «жаңарту» - модернизациялау түсінігін нақтылайтын
болсақ, «түгелдей жаңарту» үшін - алдыңғы қатарлы мәдени үлгіге
бағытталу, оны құрастыру және жүзеге асыру бағдарламасын жасау,
ресурстарын айқындау, орындалуын қамтамсыз ету әрекеттері жасалады.
Ескеретін нәрсе, түгелдей жаңарту бағдарламасы реформаны жақтаушы
күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі элиталарға сүйенеді.
«Жартылай жаңарту» таңдалған жағдайда бірнеше факторларды
назарға ала отырып, инновациялық ұсыныстарға түзетілулер жасалады. Ол
факторлар қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар, түрлі
топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен бейімділігін анықтау т .б.
жатады. Бұл жерде назарға
алынуы тиіс екі жағдай бар, олардың бірі -
әлеуметтік амалдардың негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі
мәдениеті болуы, екіншісі-олардың жаңартуға бағытталған өзгерістердің
қажеттігін түсінуі және қолдауы. Өтпелі кезең тұрғысынан алғанда
жартылай жаңарту проблеманы шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел
жаңартудың кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, өйткені ол
бейімделу сипатын да көздейді.
Жобалау қызметін тиімді ұйымдастыруды
қарастыратын болсақ, оны
екі бағытта түсіндірушілер барын көруге болады. Біріншісі – нормативті
болжау нақты әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болғандықтан ол жобалау
мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді десе, екінші бағыттағылар -
жобалау барысында әлеуметтік ғылымға тым сүйенбеу керек деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: