Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет48/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі
жобалау нысанының 
тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға 
бағытталады. 
Мысалы, 
білім 
стандартының 
моделі, 
бағдарлама 
тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі 
универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді 
құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.


Жобалаудың мазмұндық деңгейі
нәтиженің өзін ғана алу емес, оны 
пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да 
құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, 
лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар 
мамандығының оқу бағдарламасы, т.б. 
Жобалаудың технологиялық деңгейі 
берілген контексте қолданылатын 
тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық – 
бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық 
әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б. 
Процессуалдық, үрдістік деңгей
жобаның тәжірибеде қолдануға 
дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары
шараларды өткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б. 
Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда «жобаны жасау» 
оны құрастыру қозғалыстары болып табылады, өйткені ойлау әрекеттері 
ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау 
операцияларын көздейді, олар – болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру. Ал 
жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне 
қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, т.б. қажет 
етеді. Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, 
бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің өз 
алдына жеке түрлері реінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың 
әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі көлемі жағынан шағындау 
деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды 
проблеманы болжау барысында төмендегі жобалау алгоритмі рет –ретімен 
орындалады: 

проблеманы 
нақтылау


оның «болашағын» 
болжау
– қазіргі жағдайдағы проблемалар, 
күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы 
мүмкін проблемалар; 

оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді 
жолдарын 
жобалау;

қолайлы нәтижеге жету жолдарын 
жоспарлау


қабылдануы қажетті шешімдерге 
баға беру

Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рольді жобалау атқарады, 
өйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен 
қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара 
алады. 
Білім беруді дамыту стратегияларына жасаған талдаулар көрсеткендей, 
бүгінгі өзгерістер «реформалау», «жаңарту» деген түсініктер шеңберінде 
жүргізілуде. Олардың мәні өзгерістердің нақты нәтижелік мақсаты болуын, 
нақты идеяға негізделен әрекеттер бағдарламасы болуын көздейді. Бұл жерде 
мынадай маңызды жағдайлар ескеріледі: олар – алға қойған мақсаттардың 
педагогикалық қалың көпшіліктің мүддесіне сәйкес келіп, олардан қолдау 
табуы және құрастырылған жоспарлар мен бағдарламалардың қолда бар 
мүмкіндіктерге сәйкес болуы. Шынына келгенде, білім жүйесіндегі 


өзгерістер жүйемен, бір қалыппен жүзеге асырылады деп айту қиын, 
жоспарланған негізгі бағыт та, белгіленген білім нәтижелері де дәл 
ойлағандай орындалмауы да мүмкін, өйткені, ол үнемі пайда болып 
отыратын трансформациялық әрекеттердің жаңа жағдайлардағы сипаты мен
мен оларға ықпал ету амалдары мен құралдарының сол кездерде қолда 
болмауына да байланысты. Осы «трансформациялық үрдіс» күрделі және аз 
зерттелген түсінік деп айта аламыз, ол «реформалау үрдісінен» өзгеше, 
реформа жағдайында кез келген жүйе типологиялық ұқсастықты сақтап 
қалады. Оны жаңаруға өту деп те қарастыра алмаймыз, себебі, 
трансформациялық үрдістің негізіндегі қозғаушы күштері мен механизмдері 
сан алуандығымен ерекшеленеді. П.Друкер осы үрдістер жүретін қоғамдағы 
кезеңді «заңдылықтары жоқ дәуір» деп бағалайды. 
Бүгінгі күні білім берудегі жобалау академиялық ғылым мен 
теориялық зерттеулерден педагогикалық тәжірибеге дейін қолданылуда. 
Педагогтар мен білім беру мекемелерінің инновациялық әрекеттерінің дамуы 
жобалаудың кеңінен қолданылуын нақты болашақпен байланыстырады. 
Бірақ, қазіргі жобалаудың ерекшелігі қалыптасқан әлеуметтік білім беру 
институтуттары тәжірибесінің шеңберіне сәйкес келмей оны өзгертуге дейін 
алып барады.
Білім берудегі психологиялық – педагогикалық жобалаудың мазмұны
төмендегі үрдістерден тұрады: 

оқыту –әрекеттің тәсілдерін меңгеру үрдісі ретінде; 

қалыптастыру –жүзеге асырылған әрекетті меңгеру

тәрбиелеу –есею мен әлеуметтену ретінде.
Осылайша, жобалау білім берудің дамыту әрекеті болып табылады, 
оның аясында субъектінің қалыптасуы мен дамуы жүзеге асырылады. 
В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау 
мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы роліне 
негізделген. Ол білім беру үрдісінің тұтастығын төмендегі феномендермен 
белгілейді: «бірлескен әрекеттер», «субъектілердің теңдік қатынасы», т.б. 
білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылдады.
Сонымен қатар, «жаратылыстану ғылымындағы «адам» туралы ғылым 
қай жағынан қарастырылса да, қаншалықты күрделі синтездерден 
құрастырылса да «адамның» педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. 
Сондықтан, бұған дейін өмір сүрген, немесе қазіргі күні өмір сүріп жатқан 
зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы әрекеттері қала 
бермек». Осы айтылған пікірден жобалаудың қайта құрушылық сипаты – 
жобаның және жобалау арқылы жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта 
жаңғыртуға, жаңартуға бағытталған үрдіс екені көрінеді. 
Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен 
Ю.В.Громыко, 
В.И.Борзенков, 
О.Г.Прикот, 
В.И.Слободчиков, 
Н.А.Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында 
жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны 
педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В.П.Беспалько болып 
табылады. Ол А.С.Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–


педагогикалық контестке «педагогикалық технология» ұғымын ендірді. 
Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып 
«тұжырымдама» түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе 
үрдісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып көрсетті. Автор, сонымен 
қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық 
жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей 
отырып, дидактикалық үрдісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен 
технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге 
асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар 
аударды.
Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық 
бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі 
белсенді дамып келеді, олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет