73
Тіршілік
– Подруга, мен өзім де оны онша танымаушы едім...
Бека таныс ты-
райық деген соң... Сені көзіне ілмей кетті-ау... Бірақ мінезі шатақ екен...
Өзім де қорқып қалдым..., – деп ақталып жатыр. Өзіне таныс емес
ортаға тосырқап, танитындары да болмаған соң бұның да өнбойын
көңілсіздік басып, той аяғына дейін әзер шыдады. Гүләй да: «Сені үйіңе
қазір апарып тастайды. Үйіме шақыра алмай тұрмын. Ренжімеші...
Бека бүгін отбасына бармай, менімен болмақ...», – деді.
– Әрине, әрине, оның не құрбым-ау, үйіме-ақ барамын...
– Кейін көп нәрсеге үйренесің. Қазір маған ренжіме.
– Жақсы, бара бер, ешқандай реніш жоқ. Такси ұстап-ақ қайта
беремін.
– Жоқ, тіпті болмаса апарғызып салайын.
Гүләй жүгіріп, Бекасына әлдене деп еді,
анау қабағын шытып, жауап
берді. Өте беріп, жолақылық пұлын Айтолқынның қолына қыстырып
үлгерген Гүләй артына қарауға шамасы келмей, жүгіріп кетті. Жалт-
жұлт етіп, зуылдап тұрған көліктеріне отырып жүріп-жүріп кет-
кен қонақтардың соңында жалғыз өзі қалған Айтолқынның жаны
жабырқап, көште қалғандай сезініп, әйтеуір бір машинаны тоқтатып
үйіне әзер жетті. Бойын билеген сезімді түсіне алар емес. Анау кет-
кен топтың өміріне қызыққаны ма, әлде бейтаныс әлем иелерін
тосырқады ма, бұл өмірдегі тозаң құрлы тірлігіне намыстанды ма,
әйтеуір, булығып, өксіп ұзақ жылады.
Самбырлап сөйлеп, анау үлкен өмірден хабардар етіп тұратын
Гүләй құрбысы да құлағына телефон іліп, жұмсақ креслода, жылы
жерде отыратын жұмысқа ауысып кеткен. Өзіне орындауға тиісті
жұмыстарын жанын сала атқаратын Айтолқынның ештеңемен ісі жоқ.
«Жылдың қорытындысы шығарылады, озаттар айтылады, марапаттар
болады екен» деген соң фабрика ұжымы үлкен залға жиналуда.
Толық
сары әйелді жұмысқа орналасарында бір көріп еді, енді міне ұзын стол
басында сол және бірнеше ер адам, әйелдер отыр . Кәсіподақ комитетін
басқаратын сол әйелдердің бірі екен.
– Құрметті біздің әріптестеріміз! Міне, жыл да аяқталды. Бұрынғы
дәстүріміз бойынша жылдық қорытынды шығару сәті келді. Сол
үздіктерді жариялап, марапаттау үшін директорымыз, аса қадірлі
Жанұзақ Сәндібаевқа сөз беріледі.
–
Қымбатты, жігіттер, қыз-келіншектер! Келе жатқан жыл бәріміздің
отбасымызға тек жақсылық, табыс әкелсін! Ал, енді марапаттауға
көшейік. Сонымен «Ең таңдаулы бригадир» атағы және 1,5 айлық
сыйақы Әсем Белгібаеваға. Ду қол шапалақ!