Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) сәйкестендіріледі; 9) «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған
жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге (бейіндік пәндер комбинациясы мен тапсыру
тілі) мүмкіндік беріледі.
Ескерту : өтініш бергеннен кейін, тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгертуге болмайды. Тестілеу құны – 4 230 теңге.
3. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға
болады:
1) банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді
таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);
2) Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде
тапсырыс нөмірін қалыптастырып, қосымша немесе Kaspi.kz сайты арқылы
төлеу қажет);