@marynamee
:
«Ең ерекше ұнағаны – автор менімен
түйдей құрдас 18 жасында «жыл бойы өзіме жақсылық жаса-
ған адамдардың тізімін жасау» идеясы менің де қолыма
түскеніне авторға шексіз разымын».
@nurbol_karataev
:
«Автор бұл еңбегі арқылы жастарды
ғана емес, жалпы қоғамды кітап оқуға шақырды десем болады».
@mereke_bortebay
:
«Өмірімде көп кітап оқымағанмын,
сондықтан бұл кітаптың көмегі тиді. Кітап оқуға құмаршы-
лығы жоқ, жасы келсе де оқудың жолын таба алмай жүрген
бүгінгі қоғамның жастарына арналған кітап екен».
@erik_berikov
:
«Сөз қадірін білетін, қазақи сыпайылық
тән, қазақтың миын экспорттауды мақсат тұтқан тұлғаның
кітап туралы кітабы».
@cityofstars_3
:
«Демалысымның бір жарым күнін ар-
нап, бұл туындыны тұшынып оқыдым. Автор діттеген
мақсатына жетті. Адамзатты кітап оқуға шақырды. Тәжі-
рибесімен бөлісті. Кітап – тұнған шынайылық. Кітап жақсы
өмір сүруге жетелейді. Автордың жасы үлкен емес, бірақ
көрегендігі, ақылдығы, білгірлігі екі өмір сүрген адамдікін-
дей. Бақытжан, сіз сияқты азаматтар жаһандық қоғамда қол-
мен санарлық. Білгенді біреуге үйрету – үлкен сауап. Бола-
шақта талай кітабыңыздың тұсауын кесуіңізге тілектеспіз!»
Достарыңызбен бөлісу: |