Әлеуметтік мимикрия
– индивидтің немесе топтың айнала-
дағылардың мінез-құлқы мен пікірін қайталауға бағыттал-
ған қорғаныш бейімделуі.
Алғысөз
[ 11 ]
байқалатын. Бұрын бір үйде хрусталь ыдысы болса,
тура сондай сервиз екінші үйде де тұрушы еді. Бір
үйдегі жиһаз көп жағдайда екінші шаңырақтағыдан
аумайтын. Сондағы ұққаным, кеңес адамы көп
жағдайда кітапты да үйінде сәннен қалмау үшін
сақтайды екен. Бірақ қазір бұл да жоқ. Бүгінгі күн-
нің сәні жаңа бренд киімдер мен соңғы шыққан гад-
жеттер болып отыр.
Бір іс-шарада шақырылған спикер мынадай сөз
айтты: «Қазіргі жастарды оқымайды деп айтамыз.
Онымен келісуге болмайды. Себебі кеңес заманын-
да да, қазіргі кезде де жастарымыз көп оқуға бейім.
Бұрын кітап оқыса, қазір фейсбукті ақтарады». Кітап
пен фейсбук арасына теңдік белгісін қоя алмаймыз.
Екеуінің екі бөлек дүние екенін мектеп оқушысы да
растайды.
2015 жылдан бастап жеке сайтымда оқыған
кітаптарыма рецензиялар
3
жаза бастадым. Әртүр-
лі кездесулерде кітап оқу тәжірибеме қатысты
сұрақтар қойылады. Олардың арасында адамға ой
салатындары да кездеседі, сонымен бірге болмашы
сұрақтар да жоқ емес. Мәселен, «Бір кітапты неше
күнде оқисыз?», «Қазір жұмыстан қол тие бермейді,
міндетті түрде оқу керек бес кітапты айтыңызшы»
және т.б. Мұндай сұрақтар адамды тығырыққа
тірейді. Әрине, көпке топырақ шашқым келмейді.
Әйтсе де осындай күлкім сұрақтардан аса алмай
жүрген жастар да бар.
Мен сұрақтардың тереңірек болғанын қалар едім.
«Досыңмен күніне неше минут әңгімелесесің?» не-
3
Оларды мына сілтеме бойынша оқи аласыздар: http://mq.kz/
category/retsenzii/.
[ 12 ]
Күміс кітап
месе «Кездескенде не туралы сөйлесетіндеріңізді
алдын ала келісіп аласыз ба?» деп сұрамайсың ғой?
Сол сияқты сұрақтардың да дені сау болуы керек.
Мәселен, «Кітап оқу адамға қандай артықшылық
береді?», «Кітап оқуға баулудың ұрпақ тәрбиелеудегі
маңызы қандай?», «Қалыптасқан оқырман ізбасарын
дайындау керек пе?» және т.б. Кітап – ол өмірлік
серігің.
Бұл кітап маған қойылмаған, бірақ қойылғанын
қалайтын сұрақтарға жауабым. Қолыңызда ұстап
отырған осы кітапты жазуға шешім қабылдауымның
бірінші себебі осы.
Екінші себебіне келетін болсам, отызға дейін бі-
лім жинаппын да, оны елдермен аз бөлісіппін. Менің
Сәбит Мұхамеджанов деген досым бар, ол ақылын
айтты. Өзі бес парызын орындап жүрген адам, ше-
телде білім алған азамат. Астанадан Алматыға келген
сирек сәттерде кездесіп, сырласамыз. Бірде ол маған:
«Сонша білім жисаң да, оның құны – көк тиын», – деді.
«Неге?» – деп сұрағанымда: «Себебі адам бүгін бар,
ертең жоқ. Егер аяқасты бақилық боп кетсең, сенің
біліміңнен не пайда? Жастармен кездесіп, ұрпаққа
өнегелі сөзіңмен бөліспейсің», – деп ойын білдірді.
Ол мынадай бір мысал келтірді. Мұхаммед пайғамбар
сақабаларымен отырғанда, олардан: «Мұсылман ба-
ласы қандай ағашқа ұқсауға талпыну керек?» – деп
сұрапты. Сақабалары әрі ойланып, бері ойланып
жауабын таба алмаған көрінеді. Сонда пайғамбар:
«Мұсылман баласы құрма ағашындай болуы керек.
Себебі, құрма неғұрлым биікке қарай өскен сайын,
соғұрлым терең тамыр жаяды», – деген екен (Сәбит
досым туралы кітапта әлі айтамын).
Алғысөз
[ 13 ]
Шыны керек, жастармен бірізді жұмыс істеу үшін
күнделікті күйбең тіршіліктен уақыт бола бермейді.
Есесіне, адам бір күнде қалыптаспайды. Ұрпақ
тәрбиелеу – кемінде он жылды қажет ететін оңай ша-
руа емес. Сондықтан жиған-терген білімімнің бір бөлі-
гін қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.
Әрине, бұл шығармамда әңгіме кітап жайлы бо-
лады. Биыл, міне, кітаппен арамыздағы бекем дос-
тығымызға он жеті жыл толып отыр. Оған дейін жай
ғана таныс болып келдік. Тіпті, екі адам бір-бірімен
сонша жыл достықта болса да, кітап екеуміздің
арамыздағыдай шытырман оқиғалар бола қоймаған
шығар. Осы достығымыз жайында сыр шертетін бо-
ламын. Кітап жеке-жеке үзінділерден тұрады және
әрқайсысында өмірімнен алынған мысалдар мен ой-
лар қамтылған. Қазіргі заманның талабы да сондай
болып кетті. Қалың еңбектерді жастар оқымайды.
Егер шығармаңның оқылғанын қаласаң, оның форма-
ты әлеуметтік желідегі жазбаның көлемінен аспауы
қажет. Бұнымен есептесуіміз керек. Жазғандарым-
ның арасынан өнегелі мысалдар тауып жатсаңыз,
өзімді мақсатыма жеттім деп санаймын.
Кітапты ана тілімде жайдан-жай жазған жоқпын.
Кітап дүкендеріндегі орыс не басқа шетел тіліндегі
әдебиеттің молшылығына қарайтын болсақ, орыс
тілді оқырманға бұл кітаптың керегі көп бола қоймас.
Тағы бір айта кететінім, бұл философиялық
шығарма емес, арасында бүгініміз, қоғамның қазіргі
кейбір мәселелеріне қатысты ой толғау кездеседі,
естеліктер де бар. Бірақ көбінде еңбегім оқырманмен
сырласуды көздейді. Жаһандық мәселелерді көтеруге
ұмтылмаймын, бұл кітабым замандастарыма арнал-
[ 14 ]
Күміс кітап
ған. Мен замандастарыма сенемін. Кітап оқуға баулу
туралы айтып отырғанымды ескеретін болсақ, ке-
лер ұрпаққа еңбегімнің еш қажеті болмайды-ау деген
сенімім тағы бар.
Ақ ниетпен,
Достарыңызбен бөлісу: |