[ 42 ]
САяСАТКЕР МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВТЫҢ КЕҢЕСІ
Бірде Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевпен
Астанадағы кеңсесінде кездестім. Екеуміз шай ішіп
отырмыз. Ол кісі әңгіме барысында: «Қазір қандай
кітап оқып жүрсің?» – деп сұрады. Мен оқып жатқан
кітаптарымды айттым. Осы кезде қазақтың этногра-
фиясына қатты көңіл бөліп жүргенмін. Кітапханамда
тарихымызға қатысты дереккөздер жинағаным бар
еді. Елдің өткенін білмей, оның болашағы туралы
пайымдау мүмкін емес деген пікірде болатынмын.
Мәулен Сағатханұлы айтқандарымды тыңдап
отырды да: «Өткенді білген жақсы, бірақ біз саясат-
танушы болған соң, тек өткенімізді қазбалай бермей,
бүгінгі күні шығып жатқан зерттеулерге де көбірек
көңіл бөлгеніміз маңыздырақ», – деді.
Сөзі өтімді болу үшін соңғы жылдары шыққан
Фарид Закарияның
Достарыңызбен бөлісу: