Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет23/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Бірінші тарау
сөз де айтылмады. Басында: «Кімде-кім тапсырма-
ны орындамайды, жақсы бағаға үміттенбесін», – деп 
қорқытып еді (бізде тәрбие және ынталандыру тек 
қорқытуға ғана негізделген бе дейсің кейде), бірақ ол 
да бос сөз болып шықты. Сол оқиғадан кейін кітапқа 
қиянат жасамадым.
КІТАПТЫҢ ҚАДІРІН КЕТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ
Осылайша бала кезімде кітап оқуға әуестеніп, 
жиналған ақшама (көрімдігі бар, былай бергені 
бар) әдеби кітаптар сатып алып, өзімнің шағын 
кітапханам да пайда болды. Басында қолға түскенін 
алып оқи бергендіктен алғашқы кітап қорым жүйелі 
қалыптаспады. Саны бар, сапасы жоқ. Ойлана келіп, 
біразын қайта сатуды ұйғардым. Ол кезде мен 
Қаскелеңдемін. Адамдар демалыс күндері қаланың ба-
зарында жерге төсеніш төсеп, үйіндегі ескі керек емес 
заттарын сатуға алып шығатын. Мен де кітаптарымды 
арқалап базарға бардым. Орын алғаным үшін базар 
әкімшілігіне 50 теңге төледім. 
Қазақи тәрбиенің бір осалдығы бар: балаларға жас-
тайынан ақша туралы дұрыс пікір және оның қоғам-
дық қатынастардағы құрал екені жайында дұрыс 
түсінік қалыптастырмайды. АҚШ бизнесмені, әлемнің
көптеген тілдеріне аударылған «Бай әке, кедей әке» 
бестселлерінің авторы Роберт Кийосаки өзінің еңбе-
гінде былай дейді: «Егерде балаларыңыз әлі есейме-
ген болса және сізбен бірге тұрса, оларға активтерді 
пассивтерден ажыратуды үйретуге тырысыңыз. Олар 
ұядан ұшып, тұрмыс құрып, үй сатып алып, балалы 


Оқырманның қалыптасуы
[ 27 ]
болып, жұмысқа жабысып, барлығын несиеге сатып 
алып, қауіпті қаржылық күйге түскенге дейін олар-
ды активтер бағанын құрастыруға мәжбүрлеңіз». 
«Несие» дей ме? Көбімізге таныс жағдай ғой. Тамы-
ры қайда жатқанын ашқандай. «Қолдың кірі» деп, 
ақшаны жаман нәрсе ретінде көрсетеді. Нәтижесінде 
өскенде еңбегіміз үшін лайықты ақы сұрауға ұяла-
мыз. Өзім базарға шыққанда кітаптарды қымбат 
алсам да, өз бағасын сұрауға қысылып, екі, тіпті, үш 
есе арзан көрсетіп қойдым. Біразын 10–20 теңге кө-
лемінде саудаладым. Халық жабылып алып жатыр. 
Кітаптарымның арасында кеңес заманында шыққан 
сапалы безендірілген «Адам анатомиясының атла-
сы» деген мықты еңбек болды. Бір кісі сол кітапты 
қолына алып қарап шықты да, әрі ойланып, бері 
ойланып, ештеңе демей кетіп қалды. Біраздан соң 
айналып келіп, әлгі еңбекті тағы бір мұқият қарай 
бастады. Сол кітапты ғана қымбатырақ бағалап,
100 теңгеге беруге дайын болғаным есімде. Бір кез-
де жаңағы кісі маған қарап: «Бұл өте жақсы кітап, 
арзан сұрап тұрсың. Кітаптың қадірін бұлай кетіруге 
болмайды. Мен 100 теңге емес, 200 теңге берейін», – 
деді. Мен, әрине, қуана келістім. Уақыт өте келе сол 
кісінің сөздері қайта есіме түсіп, кітаптың қадірін 
одан жақсы түсіндім.
Олжас Сүлейменовтің әйгілі «Аз и Я» кітабы шық-
қанда, Мәскеудің сұрапыл саясатының кесірінен 
жазушымыздың еңбегі көпшілікке жол тарта алмай, 
адамдар сол кітапты алу үшін астындағы көлігін де 
берген жағдайлар болғанын атам айтып отыратын 
еді. Иә, әрбір кітап өз қадірімен құнды.


[ 28 ]
Бірінші тарау
КІТАП ОҚиМЫН ДЕГЕН АДАМҒА ЖОЛ АШЫҚ
2000 жылдардың басында мен алып оқитын кі-
таптардың бағасы орташа есеппен 400 бен 600 теңге
арасында болатын. Бала кезімде үйге келген туыста-
рым бес-он теңге ұстатып кететін, ал мен оған қосым-
ша шөлмек тапсырып ақша жинап, кітап алып оқи-
тынмын. Кітапты қалай таңдап алуды білмегендік-
тен, «сырты бүтін, іші түтіндеріне» жиі ұрынып 
қалатын едім. Алған кезде бірінші кітаптың мұқа-
басына қарайсың ғой. Кейбіреулерінің сырты шы-
нымен әдемі, аннотациясы жақсы болғанымен, оқып 
шыққан кезде көңілің толмай қалатын кездер болады. 
Сондай сәттерде ішің ашитын. Себебі, сол кітапты алу 
үшін үш-төрт ай ақша жинап, шөлмек жуып тапсыр-
дың ғой.
Бұл мәселенің де шешімін таптым. «Алматы-1» 
вокзалының маңында, жазушы Шолохов атындағы 
көшенің бойында базар бар. Соның кіреберісінде 
кітап сататын дүңгіршек тұр еді. Соған барып, сату-
шы тәтеден кітаптарымды сатып беруді сұрадым. Ол 
кісі мен бала болған соң бетімді қайтармай, бір рет 
оқылса да, жаңа кітаптың құнымен сатып беретін. 
Көптен іздеп жүрген кітаптарым сатылымда пайда 
болып жатса, алып қойып, телефон арқылы хабар-
лап ескертетін. Кітап сатушы тәте де маған жылы 
көзқараспен қарайтын болды. 
Қаскелеңнің орталық кітапханасының кітап қоры 
маған қатты ұнайтын. Сол жердің тұрақты оқырманы 
ретінде жиі барушы едім. Кітапхананың жабық қоры 
болатын. Ол жерге кез келген адам кіргізілмейтін, 
кітапханашылардың өздері әдебиеттерді арнайы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет