Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет21/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Бақытжан Бұқарбай,
18 қаңтар, 2018 жыл.



БІРІНШІ ТАРАУ
ОҚЫРМАННЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ


[ 20 ]
ҚАРАЖАТЫМ БОЛМАЙ, КІТАПТЫ ДҮКЕНДЕРДЕ 
ТҰРЫП ОҚиТЫНМЫН
Мектепті алтынға бітіргеніммен, алтыншы 
сыныпқа дейін бағдарлама аясындағы оқулықтардан 
басқа кітаптарды көп оқымаған екенмін. Оның ішінде 
«Дорогами сказок» және «Әлем халықтарының 
ертегілері» жинақтары, сосын Корней Чуковскийдің 
«От двух до пяти» кітабы мен «Шаңырақ» отбасы эн-
циклопедиясы бар. 
1999 жылы алтыншы сыныпқа бардым. Міне, осы 
кезден кітап оқуға деген ерекше бір құмарлық оянды. 
Яғни, содан бері менің ең жақын досым кітап болып 
келеді. Тіпті достарымның ешқайсысымен де осынша 
ұзақ араласпаған екенмін. 
Райхан тәтемнің күйеуі, менің жездем, көп кітап 
оқитын кісі. Мен бесінші сыныпты аяқтап жатқанда, 
тәтем Берік ағаның кітап таңдамай, қолына не түссе 
соны оқи беретінін айтып қалды. Бұл маған қызық 
көрінді. Бала еліктегіш келеді емес пе, осыдан бастап 
мен де қолыма түскен кітаптарды оқи бастадым. 
Сол кезде мектеп кітапханасында кеңестік кезеңде 
шыққан кітаптар басым болды. Балаларға арналған 
кеңестік тарихи энциклопедияларды оқыдым. Бұл 
кезде ғылым таптар күресі тұрғысынан жазылды ғой. 
Ол кітапхананы түгел қарап болған соң, кітаптарды 
басқа жерлерден іздей бастадым. Әуежайдың 


Оқырманның қалыптасуы
[ 21 ]
мәдениет үйінің кітапханасына барып жүретінмін. Ол 
жер маған ұнайтын, жазда іші салқын, есесіне, адам-
дар көп келмегендіктен тыныш еді. Ежелгі дүниедегі 
кітапханалардың кіреберісінде «hic mortui vivunt, hic 
muti loquuntur»
4
деген жазу болған екен. Олар мен ба-
рып жүрген кітапханаға ұқсайтын шығар деп ойлай-
тынмын. Кітапханаға жаяу баратынмын, оны отбасым 
білмейтін еді. 
Мәдениет үйі әуежайға барар жолда орналасқан. 
Маған тағы бір ұнайтыны – оның жанында бір шағын 
кітап дүкені болатын. Сол дүкеннің алдында орыс 
әжейлер жерге газет төсеп, бетіне ескі кітаптарын 
жайып сатып отыратын. Олардан Роберт Льюис 
Стивенсонның «Қазына аралы», Даниель Дефоның 
«Робинзон Крузо», Джонатан Свифттің «Гулливердің 
саяхаты» сияқты шытырман оқиғалы романдарын 
орташа есеппен 20–25 теңгеге сатып алатынмын.
Дүкендегі кітаптарды сатып алуға қаражатым бол-
майтын. Сондықтан сол дүкеннің ішінде-ақ оқып ала-
тынмын. Досым кәсіпкер Қуаныш Шонбай да кезінде 
ақшасы болмағандықтан бизнеске байланысты 
кітаптарды Алматыдағы «Меломан» кітап дүкенінің 
ішінде жүріп оқығанын айтып еді. Иә, қазіргі кітап 
дүкендері басқаша. Кең, жарық, кітап оқып отыруға 
арналған жұмсақ орындықтары да бар. Ішінде еркін 
аралап жүре бересің. Сондықтан кітап сатып алуға 
қаражатым болмай, дүкеннің ішінде жүріп оқуды, 
қазіргі тілмен айтқанда, бұл мейнстримге айналғанға 
дейін бастағанмын.
4
Латын мақалы, қазақшаға аударғанда – «бұл жерді өлілер 
мекендейді, бұл жерде мылқаулар сөйлейді» деген мағына 
береді.


[ 22 ]
Бірінші тарау
Орыс әжейлерден сатып алған, кітапханалардан 
алып келген кітаптарымды түн ортасына дейін 
оқитын едім. Әрине, атам денсаулығымды ойлап ерте 
жатып, келесі күні сабағыма шаршамай барғанымды 
қалайтын. Мен ұйықтап қалғандай болып, атамның 
көзі ілінді-ау деген кезде ақырын басып көрші бөлмеге 
баратынмын да, жарықтың сәулесі есіктің сыртынан 
көрінбесін деп оны көрпемен іштен қымтап, түнгі 
сағат үш-төртке дейін кітаптың қызығына еніп, шы-
тырман оқиғалы әлемдерге сапар шегетінмін.
Әр нәрсенің өз есебі бар. Көзімнің көруі сол кезде 
нашарлай бастады. Көзілдірік кидім. Бірақ бұл үшін 
еш уайымдамаймын.
ӨТКЕН ӨМІРІҢІЗДЕ КІМ БОЛДЫҢЫЗ?
Әлі есімде, бірде алтыншы сыныпта оқып 
жүргенімде, әуежайдың жанындағы кітап дүкеніне 
бардым. Кенет «Өткен өміріңізде кім болдыңыз?» 
атты кітапты көзім шалып қалды. Туған жылың мен 
күнің бойынша ертеректе кім болғаныңды біле алады 
екенсің. Әрине, мен кітапты қызық үшін ақтардым. 
Сонда, әлгі кітап бойынша, мен 1904 жылы қазіргі 
Румынияның аумағында дүниеге келіп, 1944 жылы 
немістің концлагерінде қаза тауыппын. Мен бұған 
тоқтамай, 1904 жыл бойынша әрі қарай іздестіре 
бердім. Сөйтсем, оған дейін Наполеон соғыстары 
кезінде Францияда өмір сүрген екенмін. Бірақ менің 
қызыққаным сонша, әрі қарай қазбалап, Александр 
Македонский заманына бір-ақ жеттім. Осы жерде тоқ-
тадым. Жалғастыра берсем, кім біледі, питекантроп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет