[ 10 ]
Күміс кітап
дым. Шыны керек, мұндай әдетті батыс елдерінде
кездестірмейміз. Ол жақта кітап оқып жүрген жас-
тарды метрода да, кофеханаларда да, саябақтарда да
көреміз. Яғни, мұндай мәселе біздің қазіргі қоғамдық
ортамыз бен санамызда болып отыр.
Бүгінгі күні адамдар әлеуметтік желілердегі
парақшаларында оқыған кітаптарынан гөрі жеген
тағамдары мен қайда қыдырып жүргендері туралы
көбірек жазады. Бәлкім, менің кітап оқу әдетімнің
оларға «қызық» көрінетіні содан болар. Өкінішке
қарай, қазіргі кезде жастар арасында кітап оқуға де-
ген қызығушылық азайып бара жатыр.
Кезінде әлем бойынша кітапты ең көп оқитын
халық Кеңес Одағында деген мифтік түсінік бол-
ды. Неге миф деп отырғанымды түсіндіріп өтейін.
Біріншіден, бұны шығарып жүрген Кеңес Одағының
өзі. Бұл сол кездің пропагандасының бір бөлігі бол-
ды және басқа елдерде осы пікірді кездестірмейсіз.
Екіншіден, адам мимикрияға
2
жақын, көпшілік не
істесе, соны қайталайды. Бала кезімде атам мені
өзімен бірге қонаққа жиі ертіп жүретін. Сонда сол
үйдің кітап сөрелеріндегі өзіміздің және шетелдік
классиктердің шығармалар жинағына көзім түсетін.
Кеңес дәуірінде басылған, мұқабасы әдемі, әріптері
алтын жалатылғандай көрінеді. Нағыз дефицит.
Бірақ қолға алып ашып қарағанда, олардың бірде-
бір рет оқылмағанын байқайтынмын. Олардың
бір беті де ашылмаған, жап-жаңа күйінде болатын.
Тек уақыт өте келе қағазының ғана сарғайғаны
2
Достарыңызбен бөлісу: