[ 36 ]
Бірінші тарау
Көптеген танымал
тұлғалар жылдам оқудың тех-
никасын қалыптастыруға талпынған. Мәселен, фран-
цуз жазушысы Оноре де Бальзак өзінің әдісі туралы
былай депті: «Бір қарағанда, көзіммен 7-8 жолды іліп
алып, оның мағынасын санам көз жылдамдығына
пара-пар жылдамдықпен қабылдайтын. Жалғыз бір
сөздің арқасында бүкіл сөйлемнің мағынасын жиі
ұғып алатынмын». Бальзак жарты сағатта қалыңды-
ғы орташа романды еркін сіміріп алатын болған де-
ген пікір бар. Наполеон Бонапарт минутына 2000 сөз
оқыды деген де аңыз бар.
Кітаптың саны үшін
оқуды дұрыс деп санамай-
мын, ұнайтын кітапты оқып, оқығанды тоқып,
пайдасын іс жүзінде тексерген дұрыс деп ойлай-
мын. Десе де, жылдам оқудың құпиясына қатысты
сұрақтың орынды екенін мойындаймын. Өзім жыл-
дам оқуды мақсат тұтпасам да, бір жерде АҚШ-тың
ең жас президенттерінің бірі Теодор Рузвельттің осы
бойынша кеңестерін оқыған едім. Кей кездері оны
қолданатыным бар, мойындау керек, көмектеседі.
Теодор Рузвельттің қандай президент болғанын
Интернеттен тауып оқып аларсыздар, осы жерде ал-
дымен оның қандай оқырман болғанына тоқталайын.
Сақталған деректер мен естеліктерге сүйенсек,
жұмысы көп болғанына қарамастан, ол
таңғы асқа
дейін бір кітап, кеште тағы бір-екі кітап оқып үлгеретін
болған екен. Шет тіліндегі әдебиетті де осылай жыл-
дам оқыпты. Бір минутта екі-үш бет оқып, оқығанын
есте жақсы сақтай біліпті.
Оның: «Меніңше, кітап оқу – нағыз дерт» деген
сөзі де бар. Бірде саясаткердің досы, жазушы Оуэн
Уистер Ақ үйдегі ресми кешкі астың дәл алдында
Оқырманның қалыптасуы
[ 37 ]
оған кітап береді. Уистер қонақтарға арналған жеке-
жайда түнеп,
ертесіне таңғы асқа келсе, президент
кешегі кітапты жазушымен талқылай бастайды.
«Кешкі алтыдан таңғы сегіз жарымға дейін, ресми
кешкі ас, қонақтармен әңгімелесу мен ұйқы арасында
қалыңдығы 300 беттен асатын кітапты оқып үлгеріпті
және мазмұны қамтыған маңызды жерлерінің ешқай-
сысын қалдырмапты», – деп жазады Уистер.
Теодор Рузвельт қызығушылықтары барлық са-
ланы қамтыған, сондықтан
болар ол тек бір жанрда
жазылған кітаптармен шектелмепті. Оның биографы
Эдмунд Моррис президент Фукидидтің тарихынан
бастап, «Римус ағайдың ертегілеріне» дейін барлық
кітапты оқи бергенін жазады.
Жазушы Дэвид Маккалоу былай дейді: «Бірде
Дакота аумағында қатты қыс болды, Теодор Руз-
вельт қолдан жасалған қайық үстінде Кіші Миссу-
ри өзенімен оның
қымбат қайығын ұрлап кеткен
қарақшыларды қуалап түсіп келе жатты. Бірнеше күн
өткен соң, оларды қуып жетіп, сенімді винчестерінің
арқасында басымдыққа ие болып, қарақшыларды
тұтқынға алады. Рузвельт қарызға алынған жабық
арбаға тұтқындарып салып, оларды сотқа жеткізу
үшін жолға шығады.
Олар қар басқан Бедлендс
шөлі арқылы Дикинсондағы рельс бастауына дейін
жүреді. Рузвельт 40 миль (64,37 шақырым) жолды
толығымен жаяу жүріп өтеді. Бұл таңғажайып ерлік
еді, Рузвельттің оқиғаға толы өміріндегі шешуші сәт
деп айтуға болады. Бірақ, ең маңыздысы, оның сол
жолда «Анна Каренинаны» толық оқып шыққаны.
Адамдар кітап оқуға уақыты жоқ екенін айтқанда, мен
әрдайым осы туралы ойлаймын».