Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз



бет1/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025

1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз
Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Адамның пайда болу мәселелерін зерттеу орасан кӛптеген теориялар туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады -философиялық – діни (адамды құдай жаратты) және материалистік, бұған сәйкес адам табиғи эволюция мен еңбек қызметінің нәтижесінде жануарлардан (приматтардан) шықты.
І. Ең ежелгі адам - Епті адам – ерте палеолит
ІІ. Тік жүретін адам – питекантроп (1891, Ява) , синантроп – 1927 (Қытай, Чжоукоудян). – ерте палеолит
ІІІ. Неандерталь адамы – Германия, 1938 –Ӛзбекстан, Тесік Тас -орта палеолит, мустье ІV. Саналы адам- кроманьон – Франция – кейінгі палеолит
Эволюция сатысы
I кезең – Архантроптар. Алғашқы тас құралдар (қырғыштар, жебе ұштары, тас балталар). Артикуляциялық сӛйлеудің болмауы. Ең озық қолданылған от (олар тек оны қалай қолдау керектігін білді).
II кезең – палеоантроптар. Олар тастардың кӛмегімен от жағуды біледі. Бірінші артикуляциялық сӛйлеу пайда болады. Тас құралдар мұқият ӛңделеді. Бұл кезеңде ӛлгендерді жерлеу рәсімдерімен қоса жүргізілді.
III кезең – неоантроптар. Адамның алғашқы нәсілдері қалыптасады. Мәдениет дамып келеді (тек құралдар ғана емес, сонымен қатар әшекейлер де жасалады).
Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптар кӛбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген, тастан құралдар жасауды жетілдірген.
Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сӛздің пайда болуы. Сӛз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия ӛңірінен де кӛптеп табылған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары кӛптеп табылды. Тас дәуіріне қатысты
тастан жасалынға құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Кӛкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды.
2. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз
Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс кӛлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын ӛндіруді де меңгергенін кӛре аламыз. Еліміздің солтүстік ӛңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.
Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ ӛлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Ол ӛзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазылған күнделігін «Из Сибири» еңбегінде жариялады. Ғалым ӛз зерттеулерінде қазақтың ат әбзелдеріне ерекше кӛңіл аударды. Оның пікірінше, ердің кӛп таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең «қазақы ер». Қазақстанның оңтүстік аймағында ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ол 22 құрамдас бӛліктен тұрған және бұл элементтердің әрқайсысының ӛз атауы болған. В.В.Радлов «Тюркские степные кочевники» атты еңбегінде қазақтар аттың үстіне отыруды бала кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз» деп жазды. Ғалым ӛз зерттеулерінде қазақтың В.В.Радлов зерттеулері арқылы, ер-тұр-мандардан халықтың әлеумет-тік жағдайына байланысты айырмашы-лықтарды да кӛруге болады. Дәулетті емес қазақтардың аттары қарапайым безен-дірілген. Ал бай-қуатты адамдар-дың ат әбзелдері күміспен, қымбат әшекейлермен сәнделген.
Ат үстінде жүрген кӛшпенділер неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
3. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті туралы сипаттап жазыңыз
Ботай мәдениеті. Кӛкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықта белгіленеді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құрған тайпалар қатысты. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. Қоныстар әдетте шағын дала ӛзендері: Торғайдың, Терісаққанның, жоғары Тобылдың, Обағаның, Шағаланың, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алапттарды алып жатыр. Олардың кӛлемі кейбіреуінде 15 гектарға
жетеді. Ботай шамамен 200 жылды б.з.б XXIV – XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны анықталды. Ертедегі поселкенің құрылыстары ӛте тығыз болған: тұрғын жайлар кӛбінесе бір – біріне жалғасып, ӛзінше бір махаллалар құрып жатқан. Мұндай томаға – тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 – ға дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады: ені 4 – 8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель кӛшелердің екі жағына кейде 15 – 16 үйден салынған.Ӛндірістік – шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды.. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын кӛрсетеді. Туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп, жерленгендердің айналасына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған.
4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті туралы баяндаңыз
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік ӛңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі
тайпалар мекендеген. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр ӛзені бойын мекендеген скифтердің және тӛменгі Еділ ӛзенінің тӛменгі ағысы мен Оңтүстік Орал ӛңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бӛрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар)
туралы баяндалады. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер – Сырдарияның тӛменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс ӛңірінде, дайлар – Сырдарияның тӛменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар – Іле мен Шу ӛзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар – Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер – Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер – Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет