Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
12. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын көрсетіңіз Халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерттеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың парызы. Ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көп.
Аты əлемге əйгілі ортағасырлық данышпандар – Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Əл-Фараби қазақ жерін əлемге мəшһүр етті.
Соның бір дəлелі ретінде, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз. «Құтты білік» дастанын тек қана əдеби мұра деп қарауға болмайды. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, əдебиеттану, тілтану, мəдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мəні ерекше.
Бұл тұрғыда қазақ халқының да рухани кəмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық əлемінде жатыр.
Халықтық тəлім-тəрбие дəстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, əлеуметтік, рухани, мəдени, əдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нəр алдыру - бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі. Ертедегі ойшылдар тəрбие саласында қалыптасқан бай тəжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келе, Баласағұн, Қашқари, Яссауи, Əл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты əлемдік алып тұлғалардың жүрегімен қанаттасып қатар қағатындай.
Əл-Фараби Əбу Нəсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші жəне толықтырып жалғастырушы (Əлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Əлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Əл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ əулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мəшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Əл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. "Мұсылман мəдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ)."Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мəні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз жəне шешендік туралы" т.б. Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең жəне ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дəулетінің дəуірлеген тұсы. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мəтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы). Онда əлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мəселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару əдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мəні бар түрлі ережелер мен заңдарды, əдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дəрежеде жазылған көркем туынды. Ахмед Иүгінеки «Хибатул-Хқайық»Ахмед Иүгінеки /12 ғасыр/ - кезінде есімі
бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мəшһүр болған атақты ақын. Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зəбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мəтел түрінде сақталып, айтылып келеді.