Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер



бет6/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

9. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер
мен тайпалармен қарым-қатынастары туралы жазыңыз
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бӛлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Ӛзара қырқысқан күресте түргеш қағандары ӛздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық кӛрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп кӛрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай ӛкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда кӛк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан ӛздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады.
Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай ӛлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қӛлӛнершілер кеп болған. Талас ӛзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар ӛз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына кӛшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ кӛсемдерінің қолына кӛшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар ӛздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766— 775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға ӛз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар ӛздерінің билеушілеріне қарсы кӛтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»
Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы ӛз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман кӛшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш кӛлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен кӛшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Кӛсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына кӛшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі кӛсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкӛл арасы, Шу, Іле, Талас ӛзендері бойында, Отырарға дейін кӛшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Кӛшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті ӛмір сүруін тоқтатты.
9.Қарлұқтар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайларында өмiр сүрген. V ғ. ерте кезеңінде қарлұқтар конфедерациясына енген негізгі бұлақ тайпалары атымен белгілі болды. ҮІІ ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл, мен ташлық кірген. Қарұқ қағанатының алып жатқан жерi Батыс-түрiк қағанатының орны немесе қара жəне сары түргештердiң жерi. Қағандықтың халқының этникалық құрамы түрiк тiлдес тайпалар. Қарлұқтардың ақ сүйектерi саяси əкiмшiлiк жағынан басты роль атқарған. VII ғасырда қарлұқтар Жетiсуға қоныс аударды. Ал онда скаяси жағдай тым күрделi болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерiнiң бұрынғы күш-құдіретiнен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргештердiң екi қағанының ордалары Тараз жəне Суябпен қоса бүкiл Жетiсу жерлерi қарлұқтар жабғуының қолына көштi. Саяси жəне əлеуметтiк бөлiктердiң қарлұқ көсемдерiнiң қолына көшуi Жетiсуда Қарлұқ мемлекетiнiң бiржолата қалыптасуына жеткiздi. Қарлұқтар өздерiне бағынышты жерлердiң шекарасын одан əрi кеңейте бердi. 766-775 жылдары қарлұқтардың бiр тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың соңында олардың басқа бiр тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбiнде Қарлұқтармен тибеттiктердiң əскерлерiн талқандады. Қарлұқтарды қуа отырып ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейiн жеттi, олардың адамдары мен малдарын қолға түсiрiп Орталық Азияға қайтып кеттi. Сөйтiп олар 812 жылы қарлұқтар жабғуы Оңтүстiк Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстiгiндегi жерлердi басып алу жөнiнде белсендi саясат жүргiзген арабтарға қарсы күрестi басқарды.
Талас жеңісінен соң Таньдік қытайлар Орта Азиялық істерге араласуын тоқтатты. Ал Жетісуда қалған қарлұқтардың бір бөлігі 766 жылы түргештерді жəне яғмаларды талқандап, ірі жеңіске жеткен қарлұқтардың яғбуы Том Білге Жетісу өңіріне бойлай кіріп, Шу өзені бойындағы Суяб қаласына өзінің ордасын көшірді. Көп ұзамай қарлұқтар «он оқ» халқының жерін түгел өзіне қаратып, Тараздан бастап бірнеше қаланы иемденді. Олардың көшінің алды Сырдарияға дейін жетті. Ауфа (Бұхара ғылыми) VIII ғасырда «Худуд əл алам» атты шығармасында: «Қарлұқтар Шығыста Тибеттің жəне яғма мен тоғыз-оғыздардың жерімен, Батыста гуздардың жерімен, Оңтүстікте яғманың біраз жерімен жəне Мауреннаһрмен, Солтүстікте чигильдармен, тоғыз оғыздардың жерімен шектеседі» - деп көрсетті. Жетісуда қарлұқтардың өкіметі 766 жылы орнады, ол Тараз бен Суябты алып, түпкілікті бекіді.
Содан кейін қарлұқтар ұйғырлармен бəсекелесіп, Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтарды қала тұрғындары қолдады.
Ұйғырларда үстемдік алып келе жатқан манихей дініне, оны уағыздаушы соңдыларға қарсы наразылық туып, өрши берді. Осы жағдайды пайдаланған қарлұқтар тибеттіктермен өзара одақ жасап, Қытай тарихшысы жазғандай, «ақ киімді түркілердің яғни манихейшілерді қолдап, ұйғыр əскерін басқарған Иль Угесиді бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. 790 жылы тибеттіктер мен түркілер (қарлұқтар) ұйғырлардың соңғы тірегі – Бешбалықты алды. 50-60 мың сардары бар жаңа ұйғыр əскері жағдайды өзгертпекші болғанымен, сəтсіздікке ұшырады.
ҮІІІ-Х ғасырларда қарлұқтар құрамында көптеген ру тайпалардың болғанын араб, парсы тарихшылары мен саяхатшыларының еңбегінен анық көруге болады. Атап айтқанда, чигиль, яғма, тухси, аргу, лабан (албан) тайпалары осы қарлұқтардың құрамына енген. Қарлұқ қағандығына шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, Оңтүстікте Ыстық көлдің түстік жағалауына дейінгі жерлер қарады. Жоңғария мен Жетісу жерін мекендеген түркі тайпалары осы қарлұқ қағандығының қоластына қарады.
Қарлұқ қағандығында мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өркендеді.Онда мəдениет орталығы, байбақша, қалалар гүлденді. Қолөнер кəсібі өркендеді. Жергілікті халықтың басым көпшілігі түсті жəне асыл металл өндірумен айналысты, қағандықтың шаруашылық негізі көшпенді мал өсірушілік пен отырықшы егіншілік болды. Феодалдық қатынастар дамыды. Қалалар тізбегі Ыстықкөлден Исфиджабқа дейін созылды. Тараз қаласының Оңтүстігінде Атлах, Жамукент қалалары Құлан, Меркі қалалары болды. Шу өзенінің алқабында Баласағұн, Іле өзені алқабында орталығы Қойлық қаласы болды. Қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Арабтар Ферғанадан қарлұқтарды қуып шығуға əрекеттенгеніне қарамастан, олардың ықпалы күшейе түсті. Ябғу үшін ең қауіпті жағдай халифтің белгілі қолданушысы Əл Манун Фаллх ибн Сахланың жорығы болды. Арабтар 812-817 жылдары Отырар аймағына жорық жасады. Онда қарлұқтардың шекаралық күзетінің бастығы өлтірілді. Содан соң яғбудың отбасы тұтқынға алынды. Ал қарлұқ яғбуының өзі қимақтарға қашып кетті. Басқыншылардан қарлұқтардың шекаралық отрядының жеңілуі қарлұқ яғбуы үшін Батыс шекарада шиеленісті жағдай туғызды.
Ру басшыларының өзара билікке таласып, қырқысуы қарлұқтардың тұтастығын сақтауға үлкен кедергілер келтіре бастады. Осындай қырқыстардың нəтижесінде 940 жылы Қарлұқ қағандығы құлады. Сонымен қатар осы кезде араб басқыншылары оңтүстіктен еніп келе жатқан болатын. Құлаған Қарлұқ мемлекетінің орнына Қарахан мемлекеті құрылды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан, Шаш, Тараз, Құлан, Суяб арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпаңымен Қарқараны, Текесті қарым қатынас жасау қала мəдениетінің өсіруімен бірге, сырттан басқа діннің келуіне де қолайлы жағдай жасады. Ислам дінін қолдаушылар шықты.
Арабтарға қарсы əр түрлi аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. 840 жылы ұйғырлардың қырғыздардан жеңiлуiнен кейiн қарлұқтар ұйғырлар үстемдiгiнен азат етiлдi. Қарлұқтардың көсемi Бiлге Күл-Қадыр-хан Испиджап билеушiсi болып өзiнiң бұрынғы атағы -жабғуды тастап, қаған атағын алып, билiктi өзiнiң алуға құқылы екенiн ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билiгi берiк болмады. Бұл кезде Саманилер əулетi де, өз билiгiн нығайтуға, мемлекет пен ислам шекарасын кеңейтуге ұмтылды. 840 жылы саминилердiң Самарқандтағы билеушiсi ''қасиеттi соғыс’’ жариялап Испиджабты басып алды. Сөйтiп Саманидтер мен Қарлұқ қағанының арасында əсiресе Оңтүстiк Қазақстан жерi үшiн ұзақ жылдарға созылған соғыстар басталды. Алайда қарлұқтар саменидтер мен арабтардың бiрiккен күштерiнен жеңiлiс тауып керi оралған. Олар Оңтүстiк Қазақстанға өздерiнiң ықпалын күшейтiп мұсылман дiнiн енгiзе бастады. 893 жылы саманилық Исмаил ибн Ахмад Тараз қаласына жорық жасап, басты шіркеуін мешітке айналдырды.
Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы қиындап, олардың аумағында бытыраңқылық күшейдi. Мұндай жағдайда Шығыс Түркiстандағы Қашғардың түрiк билеушiлерi пайдаланып Оңтүстiк Шығыс Қазақстан жерiне жылжыды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да Қарлұқ мемлекетiн құлатып Қараханидтер əулетiнiң үстемдiгiн орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет