Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
8. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы туралы жазыңыз Орта ғасырларда құрылған ең алғашқы феодалдық мемлекет. Түріктердің арғы атасы Ашина қол астындағы тайпалармен Алтай теріскейлерінің жанына барып Жужан тайпасына темір балқытушы құл ретінде қызмет атқара бастайды.жужан қағанаты Орталық азия аумағында әр жерден қашып келген босқын халықтардан құрылған мемлекет. Жужан қағанаты жан жағындағы Қытай сынды мемлекеттерге үздіксіз соғыс жүргізіп отырғандықтан қытайлар оларды ӛз тіліндегі «жуан жуан» сӛзімен атаған. Бұл тынымсыз бір жәндіктің атуы болатын, қытайлар осылайша кемсіту мақсатында қолданған. Бұл атау кейіннен «жужан» деп аталып кеткен. Қытай деректерінде жужан қағанатының қол астында темір балқытып күн кӛретін шағын ғана тайпаны «ту кю» деп атаған. Бұл сӛз қытай тілінде мықты, берік деген мағынаны береді. 542 жылы қытай деректерінде ту кю сӛзі кездесе бастады. Жужан мемлекетінің ең мықты билеушілерінің бірі Анағұй болған. Түріктердің сол кездегі Бумын атты тайпа кӛсемі Жужандардан тәуелсіздігін алу мақсатында Қытайлармен бірігеді.545 ж Қытайлар жужандардың қол астындағы түріктерге елші жіберіп, одақтасды. Бумын Анағұйдан қызын сұрайды, алайда Анағұй менің қол астымдағы темір балқытушы менен қалай қызымды сұрайды дейді де, ортада 552 ж соғыс басталады. Сол жылы Қытай басшысы әскерін Жужан мемлекетінің оңтүстік шекарасына әкеледі. Анағұй әскерінің жарты бӛлігін қытайларға қарсы жіберсе, жарты бӛлігін түріктерге қарсы жіберіп, әскерін екіге бӛлуге мәжбүр болады. Анағұй ӛзіне найза қадап ӛлтіргендіктен жужан қағандығы әлсіреп, түріктерден жеңіледі. Бумын ӛзіне ЕЛХАН атағын алып, түрік қағанатының алғашқы қағаны болады. Түрік халықтары туралы ең алғаш Махмуд Қашқари түрік тайпаларының басым кӛпшілігі Теле(30 аса) тайпаларынан тұратынын жазған. Түрік қағанаты Алтай тауынан бастап Каспий теңізіне дейінгі аумақ. Оңт Батысында Парсы(Иран) мемлекетімен, Оңт Шығысында Қытай мемлекетімен шекараласып жатты. 552 ж Бумын соғыс барысында қаза болып, орнына ұлы Қара Еске келеді. Ол Аварларды Букрат тауларында екінші рет жеңеді. Таққа келесі келген Мұқан 552-554 ж жужандарды түпкілікті жеңіп, Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналады. Қытай мемлекетінің әулеттері Мұқан қағанмен ӛзара келісім шарттар жасау мақсатында 100мыңға тең жібек матасын жіберіп тұрды. Осы кезде қытайдың екі жағында шығыс вей әулеті мен батыс вей әулеті арасында келіспеушілік болып, Мұқанды ӛз жағына тартуға тырысады. Келесі билеуші Иштеми 10 түмен қол бастап(әр түменде 10 мын әскер)батысқа қарай жорық жасап, 555 ж Арал теңізіне дейін жетеді. Бұдан кейін түріктер Орта Азия аумағына дейін барып, қытаймен жібек ӛндіруде бәсекелес болған иран тілдес халық соғдыларды басып
алады. Осылайша соғдылардың саудасының үстінен ӛздерінің ықпалын жүргізіп отырады. Осыдан кейін Иштеми Ауғаныстан жерінде мекен еткен эфталиттермен ұшырасып, жеңіліп, кері шегінеді. Бұл кезде иран мемлекеті де эфталиттерге салық тӛлеп отыратын болған. Түрік қағаны Иштеми эфталиттерге қарсы иран елімен одақтасу үшін иран билеушісі 1Хұсрау Ануширбанға қызын беріп, екі ел одақтасып, эфталиттерді талқандайды. Эфталиттерден түскен олжаларды иран мемлекеті келісімсіз ӛздері алып, түріктер олардан алыстай бастайды. Түрік қағаны Иштеми ирандықтарғасоғды кӛпесі Маниях басқарған сауда керуенін жібереді. Иран шахы 1Хұсрау Ануширбан барлық заттарды сатып алып Манияхтың кӛзінше ӛртеп жібереді. Бұл әрекет екінші рет тағы да қайталанады. Иштеми Ирандарға қарсы одақтас ретінде Қара теңіз аумағындағы ірі мемлекет Византияны ойлайды. Алдымен Иштеми Византияға дейінгі аумақты бақылауына алу мақсатында 6ғ 70 ж Солт Кавказ бен Қара теңіздің солт жағалауына дейінгі аумаққа үстемдігін жүргізеді. Енді Византияға сауда және әскери келісім жасау үшін елші Маниях барады, және келісімді жүзеге асырады. Қайтар жолда Византия билеушісі Манияхқа ӛзінің елшісі Земархты қосып жібереді. Земархты түріктер отпен аластау мақсатында оттың арасынан ӛткізуі арқылы түріктердің отқа табынғанын біле аламыз. Екі ел арсында 568ж ӛзара келісім жүзеге асып, бірге Иран мемлекетін талқандайды. 6ғ 2 жартысында түрік мемлекеті Қытай, Византия, Иран секілді мемлекеттермен қарым қатынасын жақсартып отырады. 576ж Иштеми қайтыс болғаннан кейін таққа ұлы Тардуш (Дато) отырады. Тардуш – Батыс Түрік қағанатының алғаш қағаны болады. Түрік қағанатының шығыс бӛлігінде 572ж Мұқан қаған қайтыс болғаннан кейін, орнына Тобо(Арслан) келеді. Тобо 581ж қайтыс болғаннан кейін түрік қағанаты ішкі соғыстар салдарынан мемлекет әлсіреп 603ж екіге батыс түрік және шығыс түрік болып бӛлінеді. Бӛлінгеннен Батыс түрік қағанаты бірден мемлекет болып қалыптасады, ал Шығыс түріктер қытайдың қол астына ӛтеді.