Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз



бет2/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

5. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз
Қыпшақтардың аты тарихта VIII ғасырдан белгiлi бола бастады. Ол кезде қыпшақтар қазiргi Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген. Х ғасырда олар Қазақстанның батыс, солтүстiк ӛлкелерiне дейiн тараған. VIII-Х ғасырларда олар
қимақтар мемлекетiнiң құрамында болған. Алайда ұзамай қимақтардың әлсiреуiне байланысты билiк қыпшақтардың қолына кӛше бастаған. Олар Сырдария, Арал, Каспий ӛлкесiн басып алып Хорезiмнiң солтүтiгiне тақап келедi. Хорезмдықтар олармен сауда жасап оларды әскери қызметке тартты. ХI ғасырда Қыпшақтар Ертiстен Волгаға дейiнгi ұлан байтақ жердi мекендедi. ХI ғасырдың орта шенiнде қыпшақтардың алды оңтүстiк орыс далаларына дейiн барып онда половецтер деп аталды. Қазақстан территориясында қалған қыпшақтар Дешті Қыпшақ деп аталды. Қыпшақтардың құрамына Қазақстан территориясын ӛздерiнен бұрын мекендеген халықтар кiрдi. Бұлардың барлығы дерлiк түрiк тiлдестер. Қазақ халқының қалыптасуына Шығыс қыпшақ үлкен роль атқарды.
ХІ ғасырдың басында Ертістен Еділге дейінгі ұлан ғайыр далалық аймақта қимақтардың орнына келген қыпшақтар үстемдік етті. Тарихи деректерде оларды «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп те атайды. Бұл олардың түркі тілді тайпалардың ішіндегі сан жағынан кӛп болғандықтан осылай атаған.
ХІІ ғасырда Қыпшақ хандығы бүкіл Еуразия кеңістігінде үстемдік етті. Сол себепті, қыпшақ тайпалары орналасу аймағына қарай алтай-сібірлік қыпшақтар, далалық қыпшақтар, Орал аймағы қыпшақтары, Дон қыпшақтары, днепрлік қыпшақтар болып бірнеше топқа бӛлінген.
Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. ХІ ғ. аяғы – ХІІ ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, тӛменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ кӛсемдерінің қолына қараған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан, олар садақ пен жебеден басқа лашын бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде ӛзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолӛнер жақсы дамыған. Олардың ағаш шеберлері, темір ұсталары, зергерлік ӛнермен айналысатындар ӛздерінің қажетті жақсы бұйымдар жасаумен кӛзге түсіп дараланған. Оны қыпшақтардың артына қалдырған заттарынан кӛруге болады.
Қыпшақтардың бiразы жартылай кӛшпелi отырықшы болып егiн шаруашылығымен айналысты. Егiстiк жерлер Сырдария, Сарысу, Есiл ӛзендерiнiң бойында болды. Олардың бiр бӛлiгi суармалы егiншiлiкпен де айналысты.
Хан үкiметi мұрагерлiк арқылы жалғасып отырды. Қыпшақтар Сырдария ӛлкесi үшiн Хорезм шахпен күрестi. Хорезм шах қыпшақ жерiне дүркi-дүркiн шабуыл жасап оның кейбiр ӛлкесiн, қаласын жаулап алып отырды. Монғол шапқыншылығы тӛнiп келген кезде Хорезм шах пен қыпшақ арасындағы алауыздық олардың моңғол шапқыншылығына жем болуына әкеп соқты. Қыпшақтар түрiк тiлдес халық, қазақтың ата бабасы. Қазақ халқы қалыптасуының алдында ғана Қазақстан жерiн мекендеген қыпшақтар қазақтың халық болып қалыптасуының ұйытқысы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет