Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз



бет8/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

11. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз
.XVII ғасырдың аяғында Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайы шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, жекелікке бой ұрды. Сондықтан Тəуке елдің бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.
Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.
Тəуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едəуір үлкен күш еді. Елдің əскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін жəне жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тəуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзені өңіріндегі 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тəуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.
Тəуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың əскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.
Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың əдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тəуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мəлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» əкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі əдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тəуке ханның дəуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
Жер дауы заңы
Отбасы жəне неке заңы
Əскери заң
Сот заңы
Қылмысты істер заңы
Құн заңы
Жесір дауы заңы
Хандықтың біртұтас бірлігін жəне оның шегара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тəуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Ол қырғыздармен жəне қарақалпақтармен əскери одақ құрды. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасау қаупін тоқтатудың сəті түсті.
Тəуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тəтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға жəне қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге жəне Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мəлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін əскери одақ құрып қайту болды.
Ол таққа отырып, əке ісін жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тəукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде еді.
Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін бір жарым ғасырға созылған күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын жəне Шайбани əулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.
Тəуке хан қазақ тарихында «Əз Тəуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған, ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет