Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Қазақстан үш монғол ұлысының құрамындағы жағдайды анықтаңыз



бет10/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
13. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамындағы жағдайды анықтаңыз
Ұлан-ғайыр көп жерді жаулап алған Шыңғыс хан көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Əмударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Қашқария, Жетісу, Мауренахр тиді. Шағатай ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.
Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей əкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге ол моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалған əскер үш баласының əрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Моңголиядағы) ұлы хан Шыңғыс ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шəуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының, Оңтүстік жəне Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мəдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едəуір өзгеріс əкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол жəне түркітектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға кетті. Соның нəтижесінде жергілікті түркітектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, ұсақталып кетті. Бұл үлкен ру-тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғол шапқыншылығы тайпалардың, тайпалық одақтардың аяқталуға жақын қалған халық болып бірігу процесін бірнеше ғасырға шегерді.
Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық əрекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Əсіресе, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мəдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды.
Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мəдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, əдет-ғұрпын, дінін қабылдады.
Моңғолдар далаға орталықтандырылған мемлекет құру идеясын əкелді, бұрын ыдырап жүрген тайпаларды біріктірді. Көшпелі өмір нормасын Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы реттеп отырды, мұнда жаңа жағдайларға бейімделген кəдімгі құқық жинағы болды. Алайда Шыңғыс хан мен оның мирасқорлары жүргізген соғыстар жаулап алынған жерлердің ғана емес, сондай-ақ Моңғолияның өзінің де өндірістік күштерін құлдыратты.
Қазақстанды мекендеген тайпалардың көбі моңғол шапқыншылығы салдарынан Венгрияға, Балқан елдеріне, Үндістанға, Қытай мен Мысырға ауды.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тəуелсіз мемлекет етуге ұмтылды, бірақ ол 1227-інші жылы қыста қайтыс болды. Жошы хан өлгеннен кейін оның мирасқоры Бату жорықтары нəтижесінде ұлыс аумағы Алтайдан Дунайға дейін созылды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды. Ол Батыс Дешті Қыпшақ аумағына, Еділ бұлғарларының жерлеріне жəне əрмен қарай батысқа жаугершілік жорықтар жасады. Ірі орыс княздіктерін, көптеген Еуропа елдерін талқандады. Жеті жылдық жорық нəтижесінде Еділден бастап батысқа қарай Қырым, Солтүстік Кавказ, Батыс Қыпшақ далаларын қоса алғанда, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлер Батудың қолына қарады.
Моңғолдар Ордада азшылық болды. Он үшінші ғасырдың соңы мен он төртінші ғасырда моңғолдар толық түркіленіп, Алтын Орда халқы татарлар деп атала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет