Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғаларын көрсетіңіз



бет13/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
16. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғаларын көрсетіңіз
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди»кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды. Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған. Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.Орталық Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет