Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы туралы баяндаңыз



бет11/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

14. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы туралы баяндаңыз
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол əскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату əскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мəскеу, Владимир түбінде монғол əскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдың басында монғол əскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны жəне басқа да елдерді басып алды.
Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тəуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. (Карта қою керек) Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ
төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін əрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан əулетіне сыбаға тиіс деп есептелді жəне оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-əрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның əлеуметтік жəне мəдени даму дəрежесі əртүрлі, экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жəнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп дəуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық жегідей жеді. Тек 1357 -1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі өрістеді. ХIV ғасырдың аяқ кезінде Мəуереннахр билеушісі Əмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы əлсіретпей қоймады. 1380 жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған монғол əскерлерін талқандаған орыс княздары Алтын Ордадан тəуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нəтижесінде əлсіреген Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Алтын Орда Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Сөйтіп экзогенді (ішкі) жəне эндогенді (сыртқы) факторлар нəтижесінде Алтын Орда мемлекеті күйреді.Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жəнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет