Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы туралы баяндаңыз



бет7/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

10. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы туралы баяндаңыз
Батыс Түрiк қағанаты (603-704 ж.ж.) ''ежелгi усун жерлерiне’’ iрге тептi, демек оның аумағы ендiк бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейiнгi жерлердi алып жатты. Қағандықтың халқының этникалық құрамы ‘’Он оқ будын’’ тайпалары болған. Шу өзенiнiң шығыс жағын дулулардың 5 тайпасы, ал батыс жағында нушибилердiң 5 тайпасы мекендеген. Батыс Түрiк қағанатының ордасы Суяб қаласы болды. Қағанның жазғы ордасы – Мыңбұлақ қаласы.
Батыс-Түрiк қағандығында билiк сатылы түрде жүргiзiлген. Жаңадан құрылған түрiктердiң алып мемлекетiн қаған басқарды. Қағанның билiгi шексiз мұрагерлiк түрде болса одан кейiнгi билiк қаған сайлаған ұлықтардың қолында болды. Қаған туыстары ябғу, шад, елтебер атақтарына ие болды. Сот iстерiн бұйрықтар мен тархандар атқарған жергiлiктi жерлерде қағанның негiзгi тiректерi бектер болған. Қағанның өкілі, алым-салықтарды жинаушы – тудундар. Қара жұмыс iстейтiн қаналушы халық түркi тiлiнде ''қара бұдындар’’- деп аталған. ‘’Тат’’- деген əлеуметтiк правосыз бiр тап болған ''Тат'' түрiкше - құл деген мағынаны бiлдiредi. Сонымен түрiктердiң əлеуметтiк тұрғыдан мынандай 3-топқа бөлiнгендiгiн бiлемiз. 1/ Бектер; 2/ Қара будындар /бухара халық/; 3/ Тат-/құлдар/
Бумынның мұрагерлері тұсында, əскери Естеми қағанның билігі кезінде, Түрік қағанаты Еуразиялық ұлы империяға айналды. Орта ғасырларда өмір сүрген ғұламалардың біреуі «аттың үстінде отырып əлемді түгел жаулап алуға болады, бірақ оны аттың үстінде отырып билей алмайсың» деген екен. 572 жылы жазылған деректерде: «Тобо қаған шығыс өңірді басқару үшін Шэту Эрфуді қаған сайлады, ал мемлекеттің батыс бөлігін басқаруға өзінің кіші інісінің ұлы Бөле қағанды аттандырды» делінеді. 581 жылы Тобо қайтыс болғаннан кейін үлкен хандық Шэту Эрфуға көшті де, ол өз кезегінде елді басқару оңай болу үшін үш иелікке бөледі. Осылайша бір кездегі жойқын империя біртіндеп бірнеше иеліктерге бөлінді.
603 жылдан бастап өз бетінше билік жүргізген Батыс Түрік қағанатының аумағы Шығыс Түркістан өлкесінен бастап Еділ бойына дейінгі алқапты қамтыса, Шығыс Түркістан қағанаты негізінен қазіргі Монғолия жерінде орналасты. Салыстыра қарағанда Батыс Түрік қағанатының алып жатқан жері де, құрамындағы елі де, шаруашылық дамуы да аса қомақты екенін көреміз. Оның есесіне Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бейбітшілік уақытта олар Қытаймен екі арадағы сауда- саттықтың пайдасын көрсе, жаугершілік кезінде тəуелсіздігінен айырылу қаупімен өмір сүрді.
Түрiк қағанатында қанмен төлейтiн салықтың да түрi болған. Ол əскери мiндеткерлiк қызмет атқару. Олар майдан шебiнiң алдында жүрген. Мұндай қызметтi көбiнесе тəуелдi тайпалардың адамдары атқарған.
Батыс-Түрiк қағанатында əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси қатнастардың ала-құла, үстемдiк ету мен бағыну түрлерiнiң алуан түрлi болуына қарамастан батыс-түрiк қағанатында таптардың құрылу жəне ертедегi феодалдық қоғамдық
қатынастардың бiршама тез қалыптасу үрдiсiнiң жүргенi анық. 610-630 ж.ж. Жеғұй қаған жəне Тон-жабғу қағандар тұсында мемлекет біршама күшейді. Тон Жабғу қағанның баласы Тарду Шадтың Тохорстан мен Канису Ауған жерлерiне жүргiзген жорықтарының нəтижелi аяқталуы қағандықтың оңтүстiктегi шекарасын Индияға дейiн кеңейткен.
Қағандық үшiн дулу мен нушиби тайпаларының арасында талас басталды да өкiмет үшiн болған он алты жылға созылған /640-657/ ұзақ соғыс қағандықты мүлде əлсiретедi. Қағандық Iле өзенiне дейiнгi аралықта екi үлкен тайпаның қол астында екiге бөлiнiп кетедi. Батыс-түрiк қағанатының iштей əлсiрегенiн бiлген Тан империясы оның жерiне басып кiрдi, түрiк тайпалары əсiресе түргештердiң саяси белсендiлiгiнiң арқасында ұзаққа созылған соғыс нəтижесiнде өз тəуелсiздiгiн жеңiп алды.
Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары. Ежелгі Түріктер V-VI ғасырларда өзіне ғана тəн əліпбилік жүйесі мен жазу емлесі бар руна (сына) жазуын ойлап тапты. Мемлекеттің гүлденуімен, экономиканың қарыштап дамуымен жазу үлкен маңызға ие бола бастады. Түріктер басқа мемлекеттермен жасаған дипломатиялық қатнастарында арнайы грамоталар пайдаланды.
Алғаш рет түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың еңбектерінде айтылады. Ежелгі түркі жазуына түрік көсемдері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналып салынған ескерткіш тастағы жазулар жатады. Бұл ескерткіш жазулар ХVІІІ –ХІХ ғасырларда Монғолиядағы орхон өзені бойынан табылған. Ертедегі Түркі руна (сына) жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған, ескерткіш жазулары түркілер «бітіг таш» деп атаған. Түркі руна жазуы қағанаттың VI-VIII ғасырлар арасындағы тарихын қысқаша баяндайды.
Кейінгі түріктер кейінгі дəуірге өздері жəне арғы аталары жайлары жазба тарих қалдырды. Көне түркі жазу ескерткіштерін тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20жылдарында Енисей аңғарынан Д.Мессершмид пен Ф.Страленберг сияқты ғалымдар ашқан болатын. Бұл табылған жазулар скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан «руна жазуы» деп аталып кетті. 1889 жылы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазуы бар үлкен құлпытас тапты. Бұл құлпытастағы жазулардың сырын алғаш ашқан ғалым В.Томсон болды, ал Ресей түріктанушысы В.Ф.Радлов жазуды оқып, үлкен тарихи жаңалық ашты.
Түріктану ғылымында бұл жазу табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. Бұл ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектілері 732-735жылдардағы Білге қағанның жəне оның інісі қолбасшы Күлтегіннің, екінші Түрік қағанатындағы қағандардың кеңесшісі Тоныкөктің құрметіне жазылған. Көне түркі жазуы ХІ-ХІІ ғасырлардан кейін қолданылмайды. Себебі, бұл түркі жазуын араб əліпбиі ығыстырып шығарды.
704 жылы Батыс-түрiк қағандығы құлап оның орнына Түргеш қағанаты пайда болды /704-756ж.ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет