Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 АҚ Орда мен Моғолстан билеушілерінің одағы Әмір Темір мемлекеттерінің экспансиясына қарсы күресі туралы сипаттап жазыңыз



бет12/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
15.. АҚ Орда мен Моғолстан билеушілерінің одағы Әмір Темір мемлекеттерінің экспансиясына қарсы күресі туралы сипаттап жазыңыз
Əмір Темірдің Моғолстанға жорықтары – Əмір Темірдің 14-ғасырдың соңғы ширегінде Моғолстанға жасаған жаулаушылық жорықтары.
Əмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды əлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Шу мен Талас өңіріне жəне Жетісуға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу жəне Орта Шығыс
елдеріне жасаған жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371 – 72 ж. Əмір Темір Моғолстанға əскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Əмір Темір əскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Əмір Темір əскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өзені шатқалында Əмір Темір əскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар Ад-Динмен шайқасы болды. Қамар Ад-Дин əскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мəжбүр болды.
1376 жылдың көктемінде Əмір Темір Моғолстанға Қамар Ад-Динге қарсы 30 мың əскермен əмір Сасы Бұқа ханды, Əділ-шахты жəне басқа əмірлерін аттандырды. Бірақ əмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Əмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Əмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Əмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін əскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Əмір Темір Қамар Ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Əмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Əмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан əскері ойсырай жеңілді. Қамар Ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Əмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі.
1389 ж. Əмір Темір Моғолстанға жаңа жорық ұйымдастырды. Оның бұл кезде Моғолстандағы басты қарсыластары Енге төре мен Қызыр Қожа хан еді. Əмір Темір əскері Моғолстанға Қаратауды теріскей бетінен айналып, содан соң Шу өзенін бойлай жүріп өтті. Іле өзенінен өткеннен кейін Аягөзге жетіп, онда Əмір Темір өз əскерін екі бөлікке бөлді. Əмір Темірдің өзі Тарбағатайдың батыс жағына бет алды. Омар-Шайх əскердің екінші тобымен Көбік өзеніне дейін жетіп, онда үлкен шайқаста Енге төренің əскерін талқандады. Қызыр Қожа хан Шығыс Түркістанға барып паналап, көп ұзамай ол жерден де қашуға мəжбүр болды. 1390 ж. Əмір Темір Самарқанға оралуға бет алды.
Əмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары сол тарихи кезеңде Оңт.-Шығыс Қазақстанның экон. жəне демогр. жағдайына теріс əсер етті. Əмір Темірдің қайтыс болуы Моғолстанды түпкілікті бағыну қатерінен сақтап қалды.Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей
жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.
Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасуы жүйесі жойылды. 16.Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ хандығының құрылуына үлкен əсерін тигізді. Оңтүстіктте Əбілқайыр билігіне наразы көптеген рулар мен тайпалар ағылып келді. 50 ғ аяғында Керей мен Жəнібек Əбілқайыр ханнан Моғолстанға Батыс Жетісу жеріне көшіп кетті. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің " Тарихи Рашиди" еңбегінде айтылады.1462 жылы Есенбұға қайтыс болғаннан кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болмады. 1468 жылы Əбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығына қарайтын жерлер кең тарады.
Қорыта келе, деректемелер мен мағлұматтарды, фактілер мен пікірлерді салыстыруда Қазақ хандығы ХҮ ғ. 60 жылдары ортасында Батыс Жетісуда құрылған. Билікті нығайту жолында Орта жүз қазақ тайпалары мен руларының ондаған жылдар бойы көшіп келген. Моғолстанның құлдырауынан кейін Ұлы жүз Қазақ хандығына келіп қосылады.
ХҮ ғ 70 жылдары Қазақ хандарымен Шайбанилықтардың арасында Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың Соғынлық асуында ірі шайқастар болды. Қазақтар мен өзбектер кезек-кезек алып отырды. Нəтижесінде 1495 жылы Сыр бойындағы қалаларды өзбектер иеленді. Алтын Орда құлағаннан кейiн Қазақстан территориясында Əбiлхайыр хан басқарған өзбек жəне ноғай хандықтары құрылды. Өзбек хандығында хандық билiкке Орда Ежен мен Шейбени ұрпақтарының арасында талас-тартыс басталды. Нəтижеде 1428 жылы Шейбаниттер ұрпағы Əбiлхайыр хан болды. Оның хандық құрған 1428-1468 жылдар аралығында “Көшпелi өзбек мемлекетi” пайда болып, ол мемлекеттiң территориясы айтарлықтай ұлғайды. ХV ғасырдың орта шенiнде Сырдариядан Сiбiр хандығына дейiнгi ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Алайда бұл мемлекет iшiнде үкiмет билiгi үшiн үнемi айтыс-тартыс күшейiп отырды. Керей мен Жəнiбек сұлтан жəне басқалары сияқты бiр топ сұлтан бiраз халықты ертiп Əбiлхайыр ханнан Моғолстанға көштi. Моғолстан ханы Исабуға қашқындарды жақсы қарсы алып, олардың мекендеуiне Моғолстанның Батыстағы шеткi аймағы болып есептелiнетiн Шу мен Қозыбасы иелiгiн бердi. Өзбек ұлысында ырың-жырың туып Əбiлхайырханның қол астындағы халықтьың көпшiлiгi Керей мен Жəнiбек хандардың қарамағына көшiп кеттi. Сөйтiп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жеттi. Қазақ сұлтандарының Жеке билiк құра бастауы (1465-66 ж.ж.) Əбiлхайыр ханнан қашқан Керей мен Жəнiбектен басталатынын жоғароыда айтып өттiк. Бұл жөнiнде атақты тарихшы Мұхаммед Қайдар “Ол қазақ хандығы құрылды” – деп жазды. Жəнiбек пен Керей құрған қазақ хандығы көп ұзамай-ақ халқының саны едəуiрге жеткен дербес мемлекетке айналды. Ал оның территориясы Жəнiбек хан тұсында Шу мен Сырдария
өзенiнiнiң шеңберiндегi жерлермен шектелсе, кейiнiрек өзбек хандығына тəуелсiз басқа сұлтан иелiктерi де пайда бола бастады. Сонымен Жетiсудың Батыс бөлiгiнде орнығып нығайған қазақ хандығы Моғолстан билеушiлерiмен бiрiгiп Дештi қыпшақтарға үкiмет билiгiн өз қолдарына алуға барынша күш салды.
Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар Қазақ хандығы үшін күшею, нығаю жылдары жəне қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес кезеңі еді. Кезеңнің ең басты оқиғаларына көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер үшін алғашында Мауреннахрдағы темірлік
билеушілермен, кейіннен шайбанилық сұлтандармен жəне Моғолстан хандарымен жүргізген күрестері жатты. Осы күрестер барысында тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны өкілдері: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттілігінің одан əрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жəнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны бізге белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбайды.
Тұрсын Сұлтановтың пікірі бойынша, Бұрындық хан 1473-74 жылдардан билік құра бастаған. Біз де осы пікірді жөн деп санаймыз, өйткені дəл осы жылдардан бастап Сыр бойы үшін күресте қазақ ханы ретінде Бұрындықтың есімі айтылып, Жəнібек хан ұлдарының бəрі «сұлтан» лауазымымен жазылады.
1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбани хан тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл оның қазақтарға қарсы жасаған соңғы жорығы болды. Жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан күшті еді. Ол жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп жазады: «...Бұл кезде Бұрындық ресми хан болып саналғанымен, хандықты басқару ісі жəне толық билік Қасым ханның қолында болды». Осы жорығында Шайбани хан Қасым ханнан тас-талқан боп жеңіледі. Қасым ханның жеңісі Дешті Қыпшаққа түгел тарап, оның атағын өсіреді.
Қасым ханның осы жеңісінен кейін Бұрындықтың тағдыры өте қайғылы жағдайда өтеді. Ол жөнінде тағы да Мұхаммед Хайдар Дулати: «...Қасым ханның атақ-абыройының өскендігі соншалық, ол Бұрындық ханды қуып жіберді», — деп баяндайды. Бұл шамамен алғанда, 1510 жылдың соңында немесе 1511 жылдың басында болады.
Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі оқиғаларға белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дəрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіріп, атақ- абыройын жойды. Бұрындық ханның тағдыры əркімге де тарихи сабақ бола алады.
Енді бірер сөз Бұрындық ханның өмірінің соңғы кезеңі туралы. Тарихи дерек мəліметтерінде баяндалғанындай, Бұрындық хан Дешті Қыпшақтан кетіп, Самарқанға келеді. Қай жылдары екені белгісіз, сонда жүріп ол қайтыс болады. Ол Үргеніш қаласы маңындағы Бақырған ата қабірінің жанына жерленеді. Кейбір тарихшылар ешбір дерек мəліметіне негіздемей, Бұрындықтың соңғы өмірі жөнінде қисынсыз пікірлер айтады. Мысалы, А. П. Чулошников Қасым хан мен Бұрындық хан арасында ұрыс болды да, жеңілген Бұрындық өз Отанын тастап, Мауреннахрға кетті деген ойлар айтады. Сол
сияқты, Бұрындық хан Самарқан жақта жоқшылықтан, кедейшіліктен қайтыс болды деп жазады. Мұндай пікірден кейін Бұрындық ханның өміріне қатысты мəліметтер беретін деректермен танысқанымызда, А. П. Чулошниковтың пікірлері дəлелденбеді.
XVI ғасыр басында жазылған «Хандар шежіресінде» Бұрындық ханның ұлдары жөнінде айтылады, бірақ олардың ешқайсысы Қазақстан аумағындағы саяси билікке келмейді. Соған қарағанда Бұрындық хан Қасым ханнан ығысып Хорезмге қарай жылжығанда, өзінің жақтастарымен, əсіресе, ұлдарымен бірге кеткен. Осылайша, Бұрындық ханға қатысты жоғарыда айтқан ойларымызды түйіндей келе, оның өмірі 40 жылдай Қазақ хандығының тарихымен тікелей байланысты болғандықтан, хандықтың құрылуы мен күшеюінде өзіндік рөлі, алатын орны, қосқан үлесі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет