Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
17. XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы туралы жазыңыз Қазақ хандығының XVI ғ. əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайы.
Қасым хан 1511-1523 жж. Қасымхан қазақ хандығының тəуелсіздігін сақтау үшін күресті. Шайбанидтермен қақтығыстар болып, 1509 жылы үлкен соғысқа айналды.1513 жылы ирандықтар Шайбани ханды өлтіреді. Осы жағдайда Қасымхан Сайрам қаласын басып алды.
Қасымхан əдет ғұрыпқа байланысты "Қасым ханның қасқа жолы" деген заңдар жинағын шығарды. Заң 3 бөлімнен тұрды. Қасым хан тұсында сауда байланыстары дамыды. Сауран қаласы сауда орталығы болды. Ол тұста халық саны 1 млн жеткен.Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын əлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, əскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мəселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан əулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жəй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан əдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мəнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 3.Əскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, əдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мəнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге əкелді.
Хақназар 1538-1580 16 ғ. 2 ж. əлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сəтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық əміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға жəне күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан əрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу əрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едəуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт жəне Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары жəне олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс жəне солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын
өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани əулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған». Хақназардың мұрагері Жəдіктің баласы жəне Жəнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тəуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тəуекелге көшеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тəуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тəуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ жəне өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тəуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла əуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уəдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тəуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тəуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мəуереннахрды Тəуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тəуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.Тəуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды.1586 жылы Ташкентті алуға əрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мəуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тəуекел хан Мəуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тəуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сəтсіз аяқталады.Тəуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.1594 жылы Тəуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тəуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру жəне 1588 жылы орыс əскерлері ұстап əкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың əйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тəуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» жəне «оқ ататын қару» жіберетінін уəде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан жəне біздің патшалық əміріміз бойынша Бұқара патшасымен жəне бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мəртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен əскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тəуекел хан орыс мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мəскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нəтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тəуекел ханға тəуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мəскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын əкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тəуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның əскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тəуекел хан жүз мың əскермен Мəуераннахрға басып кіріп, Ахси, Əндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тəуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды жəне Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл əулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа əулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тəмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нəтижесінде Шайбани əулеті өмір сүруін тоқтатады.Тəуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір əлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тəуекел ханды дін иелері қолдады.