А) Есім ханның қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатын нығайту үшін жүргізген билігімен танысу.
Б) Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы ұрыстардың шығу себебінен мағлұмат беру.
Жаңа сабақ:
Сабақтың жоспары:
Есім ханға сипаттама.
Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрес.
Есімнің ойраттармен, Бұхар хандығымен жүргізген саясаты.
“Есім ханның ескі жолы” заңы.
Есім ханның ғұмыр деректері туралы пікірлер.
Кіріспе сөз
Жәнібек пен Керей тұсында ірге көтерген қазақ мемлекеті Қасым хан кезінде бүкіл шығыс Еуропаға танылса, Хақназар мен Тәуекел тұсында күш қуаты артып, қонысы мен шекарасы кеңіп, халқының саны өсіп, іргелі мемлекетке айналады. Есім хан тұсында ше.......?
Есім ханға сипаттама
Шығай ханның баласы, Тәуекел ханның інісі Есім 1598-1628 жж мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Зор денелі күшті адам болғандықтан, талай жорықта ерлігімен көзге түскендіктен қазақ тарихында “Еңсегей бойлы ер Есім” атанған.
XVII ғасырда Есімге арналған “Еңсегей бойлы ер Есім” атты тарихи жыр жазылады. Жырдың осы заманға жеткен нұсқасы Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасының қорында сақтаулы.
Есім хан кезінде ел билігін нығайту үшін қырғыздармен одақтасып, соның белгісі ретінде қырғыз билеушісі Көкімге арнап Ташкент қаласында күмбез салғызады. “Көкімнің көк күмбезі” аталатын ғимарат көрші өзбек жерінде осы кезге дейін сақталыпты.
Есім хан туралы бірер сөз...
Академик М.Қозыбаев: “Біртұтас қандастық негізде Есім ханның кезінде Алты Алаш – қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татар бірікті”- деп жазады.
Қожаберген жырау “Баба тілі” дастанында: “Қазақ ұзақ, созақпен Башқұрт, қырғыз, татарлар Бір қауым боп біріккен ... Көсемінен бата алған Алты алаш боп атанған,” – деп жырлайды. (ұзақ – ноғайдың, созақ – қарақалпақ халқының көне аттары)
Қазыбек би: “Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен,” деп айтқан.