Ой салатын әңгімелер
[ 73 ]
етуші әлеуметтік-саяси құбылысты айтарлықтай
формализациялаудың негізінде ғана мүмкін болады».
Бірінші курс оқып жүргенімде мынадай мәтіндерді
түсіну мүмкін емес еді. Кейін білдім, бұл кітаптарды
орысшадан аудартады екен. Кейбір профессорлар
жазуға не ерінеді, не қазақшасы жетпейді. Қазақша
жазса, тек мазмұнын жазып, соған Интернеттегі не-
месе басқа да кітаптардағы орысша тараулар мен
мәтіндерді келтіріп, кітап «шығардым» деген атаққа
ие болып жүреді екен.
Олардың кітапты студенттерге бөліп беріп аудар-
татыны да анықталды. Ал студенттің сапалы аударуға
һәм
біліктілігі жоқ, һәм мотивациясы жетпейді.
Мен оларды оқығанда, қорланып, тілдің қадірін ке-
тіргендері үшін іштей ұрсатынмын. Келесі жылда-
ры бізге де осындай тапсырманы бере бастады. Әр адам
басына отыз-қырық беттен үйлестіріп береді. Студент
кезімізде аудармаған кітабымыз қалмаған шығар.
Магистратураның соңғы айлары мен үшін қар-
баласта өткені есімде. Біріншіден, диссертациямды
аяқтап, оны қорғауға және мемлекеттік емтихандарға
дайындалып жатсам,
екіншіден, үйлену тойым да
сол сәтке тұспа-тұс келді. Оған да қызу дайындық
керек. Сол кезде кафедра меңгерушісі тобымыздағы
әрбір студентке отыз беттен орысша жазылған бір
күрделі ғылыми мәтінді аударуға бөліп берді. Ол
кісінің қазақшасы нашар екенін ескеріп, қалай болса
солай аударып, ертеңіне тапсыруға да болар еді. Бірақ
өзім ертеректе бейтаныс «аудармашы» студенттерді
қалай сөксем, тура солай мені басқалардың сөккенін
қаламадым. Намысқа тырысып, сапалы аударуға ты-
рыстым. Ал мәтінді аударуға
тиіс басқалар жеңілдің
[ 74 ]
Үшінші тарау
астымен, ауырдың үстімен жүруді әбден меңгеріп
алып, қалай болса солай не төменгі курс студентте-
ріне күштеп, не аударма бюроларында ақша төлеп
аудартып, бір-екі күнде-ақ өткізіп, «абыройлы» бо-
лып жүрген екен. Барынша сауатты аударамын деп
жүріп, бір аптада тек он шақты бетін ғана қазақшаға
келтірдім. Кафедрам асықтыра берді. Барлығы
қабаттасып кетті. Сөйтіп жүргенде, сапалы аударуға
(ана тіліме жаным ашығандығын олар қайдан білсін!)
тырысқандығымды ескермей, мені «кафедраның
жұмысын істегісі келмей жүр»
деп айыптай баста-
ды. Өздері сенбеген соң, ызаландым да, аударған он
бетімді тапсырып, әрі қарай аудармайтынымды айт-
тым.
Осыған дейін бірнеше ай бұрын оқуымды жал-
ғастырып, докторантураға түсу қажеттілігім туралы
айтып жүрген кафедра меңгерушісі өзіне шақырып
алып, биыл тапсырмағаным жөн болатынын ескертті.
«Әрине, тапсырма деп кесіп айта алмаймыз, өзің
білесің, бірақ талпынбағаның дұрыс болады» деп тұс-
палдады. «Себебі басқалары (бір-екі күнде отыз бетін
асқан салғырттықпен
аударып бергендерді меңзеп
отыр) кафедраның жұмыстарын бұлжытпай орын-
дайды, ал өзің болсаң, жүрген «жұлдызсың», қасыңа
жолай алмайсың, кафедрамыздың жұмыстарына
селқос болдың, сонда мен олардың сіңірген еңбегін
қалай елемеймін?» – деді. Басқа студенттердің қалай
аударғанын, ол кісіні сырттай қалай сөгетінін жақсы
білсем де, ештеңе айтпай ішімде ұстадым.
Әрине, басқалар докторантурадан дәмелі болған-
дықтан, кафедра меңгерушісінің
көңілін табуға ты-
рысып жүрді. Мен тек білімімнің күшіне ғана сеніп