Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Екінші тарау
Өмірбаяндардан байқаған екінші нәрсем – тұл-
ғалардың басым бөлігі әуелде елден ерекшеленбей 
өмір сүріп жүре береді. Бірақ белгілі уақытта олар 
бір-екі жылдай уақытқа көлеңкеге кетеді де, кейін 
олардың өмір жолы өрге қарай оза бастайды. Био-
графтар сол бір-екі жылда тұлғаның қайда жоғалып 
кеткенін, немен айналысқанын, ойлары қандай 
болғанын, әдетте, ашып жазып бере алмайды. Маған 
да осы тұсы қызық.
ФАРАДЕЙДІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРБАяНЫ
Көптеген тұлғалардың өмірбаяндарын оқып, өте 
пайдалы дүниелер алдым. Солардың ішінде қатты 
есте қалғандардың бірі – ағылшын физигі Майкл 
Фарадейдің өмірбаяны. Мен онымен он екі жасым-
да танысқан болатынмын. Әлі күнге дейін оны есіме 
алып, мотивациямды күшейтемін.
Айтулы тұлға Лондонның маңайындағы бір 
елді мекенде кедей әрі көпбалалы отбасыда өмірге 
келеді. Әу бастан оның жақсы білім алуға, дұрыс 
қызметке тұруға мүмкіндігі өте аз болатын. Жас 
кезінде-ақ жұмыс істеп, отбасын асырауы керек бол-
ды. Он үш жасында мектептегі оқуын қалдырып, 
француз эмигранты Рибоның кітап сататын дүкеніне 
жұмысқа тұрады. Бала кезде жүйелі түрде білім ала 
алмаса да, оның кітап оқуға деген құлшынысы ерек-
ше еді. Күндіз кітап дүкенінде жұмыс істесе, түнде 
тапқан ақшасының бір бөлігіне майшам сатып алып, 
кітапханада түней жүріп кітаптарды оқиды. Оны фи-
зика ғылымы қызықтырады. Сөйтіп жүргенде, бір 


Кітап таңдап үйрену
[ 59 ]
күні Лондонда танымал ағылшын физигі дәріс оқи-
ды дегенді естиді.
Корольдік институтта көптеген химиялық эле-
менттерді ашқан ғалым Гемфри Дэвидің лекцияла-
рына барып, оның айтқандарын мұқият конспектілеп 
жүреді. Дүкенде жұмыс істеп жүріп кітап түптеу өне-
рін игерген Фарадей жиналып қалған біраз конс-
пектілерін түптеп, Дэвиге оларды апарып береді. 
Дэвидің өзінің үлкен жолы қарапайым дәріханашы-
дан басталған соң, жас Фарадейдің ұмтылысын жақсы 
түсініп, оның жан-жақты білімі мен дарынына тәнті 
болады. Бірнеше айдан соң танымал ғалым оны қасы-
на шақырып, Корольдік институтқа жұмысқа алады.
Басында лаборант болғандықтан, Фарадей ин-
ститутта істейтін профессорлар мен дәріскерлерге 
көмектесіп, олардың дәрістерін дайындауға, материал-
ды құндылықтардың есебін жүргізуге араласады. Соған 
қарамастан, білімін толықтырудың әрбір мүмкіндігін 
дұрыс пайдалануға тырысып жүреді, дайындаған 
дәрістерін жіті оқиды. Сонымен қатар Дэвидің рұқса-
тымен өздігінше химиялық тәжірибелер жасай бастай-
ды. Өз ісіне жауапкершілігі мықты болғандықтан, көп 
ұзамай Дэвидің баға жетпес көмекшісіне айналады. 
Жиырма екі жасында Дэви оны көмекшісі әрі хатшысы 
ретінде өзімен бірге Еуропаның ғылыми орталықта-
рына алып жүреді. Бұл сапар екі жылға созылады. 
Дэвидің әлемдік танымалдылығының арқасында ол 
Андре-Мари Ампер, Жозеф Луи Гей-Люссак, Алессандро 
Вольта сияқты басқа да әйгілі замандас ғалымдармен 
танысып, білімін одан әрі шыңдай түседі.
Лондонға оралған соң, Фарадей қызу жұмысқа 
араласады. Түн ортасына дейін жұмыс істеп, еңбек-


[ 60 ]
Екінші тарау
қорлығымен, әдісқойлығымен, тәжірибелерді са-
уатты жасауымен, зерттеп жатқан мәселесіне терең 
үңіле білуімен танылады. Көп ұзамай, ол ғалымдар 
арасында «тәжірибе қоюшылардың патшасы» деген 
атаққа ие болады. Фарадей өмірінің соңына дейін 
отыз мыңнан астам ғылыми тәжірибе жасап, кемінде 
он ғалымның атын тарихта қалдыруға жететін 
жаңалықтар ашып, физиканың электродинамика 
саласының негізін қалап кетеді. Бүгін біздің электр 
қуатын тұтынып, компьютерде жұмыс істеуіміз, теле-
фон арқылы хабарласуымыздың өзі осы Фарадейдің 
және оның ғылымға сіңген еңбектерінің жемісі.
Міне, осындай мотивациялық мысалдардан артық 
не керек? 
Сол себепті «бұл елде танысың болмаса, болашағың 
жоқ» дейтіндерге көбірек кітап оқып, еңбектену 
керектігі туралы айтамын. Кінәні өзгеден іздеу – 
әлсіздердің жай ғана сылтауы.


ҮШІНШІ ТАРАУ
ОЙ САЛАТЫН 
ӘҢГІМЕЛЕР


[ 62 ]
КІТАПТЫ ЕҢ ҚАТТЫ СҮЙЕТІН ЖАН – 
ҚУАНЫШ ІНІМ ТУРАЛЫ
Осыдан бірнеше жыл бұрын Жаңа жыл 
қарсаңында фейсбуктағы лентамды асықпай ақтарып 
отырғанымда, көзім бір әйелдің жазбасын шалып 
қалды. Ол хосписте жатқан он екі баланың уишлисін
16
жариялапты. Онкологиямен ауыратын төрт пен он 
жас аралығындағы балалалар Аяз атаға хат жазып, 
Жаңа жылда қандай сыйлық алғысы келетінін айтып-
ты. Әлгі әйел: «Бұл бүлдіршіндердің соңғы мерекесі 
болуы мүмкін, сондықтан қолдарыңыздан келгенше 
жәрдемдесулеріңізді сұраймын», – деп жазған екен.
Тізімді оқи бастадым. Айнұр – 4 жаста, қуыршақ. 
Игорь – 9 жаста, планшет. Оксана – 10 жаста, планшет. 
Бір кезде 7 жасар Қуаныш деген баланың Аяз атаға 
жолдаған тілегіне жеттім – қазақ тіліндегі кітаптар. 
Көзіме жас алғанымды бірден байқамадым. Ол өзі 
бала болғанымен, ауру болған соң өзгелерден басқаша 
екенін сезеді. Сөйтіп, оның ертеңгі күнінің қалай бо-
ларын білмесе де, кітап оқуға деген қызығушылығы 
маған қатты әсер етті. 
Көңілім босап, осы тізімдерді жазған әйелге теле-
фон шалып, сол балаға кітап алып бергім келетінін 
айттым. Телефонмен сөйлесіп тұрғанда көзімнен 
16
Wish List — тілектер тізімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет