Ой салатын әңгімелер
[ 87 ]
бірігіп, олардың арасында қарым-қатынастардың
күрделі түрлері қалыптасады. Харари ойын жалғас-
тыра отырып, әлеуметтік зерттеулердің өсек негізінде
бір топ шеңберінде әрі барса, тек жүз елу адамның ғана
жұмыла алатыны дәлелденгенін алға тартады. Адам
бұл мәселені шешіп, қиял (fiction) тілін ойлап тауып,
он мыңдаған тұрғыны бар қалалар мен миллиондаған
адамнан тұратын империялардың қалыптасуына жол
ашады. Демек, бұдан былай адамдар «біздің тайпа-
мызды арыстан келбетіндегі рух қорғайды» дейтін
дәрежеге жетеді. Сайып келгенде, қазіргі адамды адам
етіп жаратып, оның эволюциялық бәсекелестікте
жеңіске жеткізіп, өркениеттің қалыптасуына жол
ашқан – тілдің дамуы, сөздік қордың молаюы болды.
Менде туындаған ойға келетін болсақ, бүгінгі
күні кері тенденция жүріп жатқан секілді. Жиырма
бірінші ғасырдағы жаһандану заманында ақпараттық
технологиялардың дамып, әлемде бір тіл үстемдікке
ие болып жатқан кезеңінде, ұлттың аман қалуын
оның тілінің барған сайын неғұрлым қарапайым, не-
ғұрлым канцеляризм түріне ауысу ғана анықтайтын
сияқты. Қазір ағылшын тілі әлемдегі ең бай тіл екеніне
қарамастан (2009 жылы ағылшын тілі миллионыншы
сөз тіркелген тарихтағы тұңғыш тіл атанды және осы
көрсеткішке жету үшін оған мың жарым жыл қажет
болды), сонымен қатар қатты қарапайымданып,
канцеляризм тіліне айналуда. Соның арқасында
бүкіл әлемге тарап, оны байырдан бері қолданатын
халықтарға қызмет етіп жатыр. Бұл жердегі ойым,
ақпарат жинақтау үшін осы уақытқа дейін тілдер
күрделеніп, сөздік қорлары молайып келсе, ақпарат
жинақталған заманда кері үдеріс жүретін болады.
[ 88 ]
Үшінші тарау
РЕПТиЛДІ Ми ЖӘНЕ НЕОКОРТЕКС
Консьюмеризм заманында тұтынушыларға тауар-
ды көбірек сату мақсатында адамның миын, мінез-
құлқын зерттеуге ерекше көңіл мен қыруар қаражат
бөлініп жатыр. Сондай зерттеудің бірі – Патрик
Ренвуазе мен Кристоф Мореннің «Тренинг по нейро-
маркетингу. Где находится кнопка «Купить» в созна-
нии покупателя?» атты кітабын оқып шықтым. Бұл
еңбекте мидың шешім қабылдау әдістері туралы ай-
тылады. Авторлар мидың үш бөлімнен тұрып, жа-
суша құрылымы мен қызметі жағынан әрқайсысы
дербес екенін алға тартады. Олардың қызметіне
келетін болсақ, неокортекс немесе жаңа ми рацио-
налды ақпаратты, ортаңғы ми алған әсерлер мен
ішкі сезімдерді өңдесе, рептилді ми немесе ескі ми
осы екеуінен келетін ақпаратты ескеріп, шешім
қабылдауға жауап береді екен. Эволюция барысын-
да рептилді ми алғашқы болып 450 миллион жыл
бұрын қалыптасқан және құрсақтағы баланың миы
енді қалыптаса бастағанда, осы бөлім бірінші болып
қалыптасады екен. Неокортекс төменгі сатыда тұрған
сүтқоректілерде енді пайда болып жатса, адамның
миының негізгі бөлігін құрайды. Десек те, адамдар-
дың шешім қабылдауына рептилді мидың жауап
беретіні қызық болып көрінеді. Келісесіз ғой?
Осы ақпаратқа сүйене отырып адамдарды сөзбен
көндірудің неге қиын екенін байқауға болады.
Әсіресе әлеуметтік желілерде қызу талқы барысында
қолданушылардың сөзге неге тоқтамайтындығының
себебі түсінікті болып шығады. Сөздер 40 мың жыл
бұрын, ал жазу бар болғаны 10 мың жыл бұрын пай-
Ой салатын әңгімелер
[ 89 ]
да болды, рептилді ми миллиондаған жыл жұмыс
істеп келе жатыр. Сөз немесе жазу адам миының ескі
бөліміне ықпал жасай алатын деңгейге жету үшін та-
рихи тұрғыда тым аз уақыт өтті.
Ренвуазе мен Морен рептилді миға әсер ету үшін
алты стимулды ұсынады: 1) ескі мидың эгоист екенін
естен шығармау; 2) оның тек контрасы бар ақпаратты
қабылдайтынын білу («жақсы-жаман», «қауіпті-
қауіпсіз» және т.б.); 3) таныс әрі жеңіл қабылданатын
ақпарат беру; 4) ақпараттың басы мен соңына екпін
жасау, себебі ескі ми ортасына назар аудармайды; 5)
ақпаратты визуалды түрде ұсыну; 6) ақпарат эмоция
қоздыратындай болу керек.
Осыдан кейін біздің газеттер мен жаңалық сайт-
тарында салмақты мақалалардың аз жариялануының
себебін және жарық көретін ақпараттың неліктен
оқырманда эмоция қоздыруға бағытталатынын түсі-
не бастайсың.
Ісіңіз салиқалы, шешімдеріңіз салмақты бол-
сын десеңіз, неокортексті жұмыс істетіңіз. Оны жат-
тықтырудың ең тиімді жолы – кітап оқу. Әйтпесе
«мына әншісымақ жігіттер шашын бояпты, енді жас-
тарымыз құрып, ұлтымыз жойылады» секілді артта
қалған ойлау деңгейінен өсуіңіз екіталай.
«ҰМЫТЫЛҒАН» БАСТАМА
Елбасы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
халқына Жолдауында: «Мен қазіргі тілде жазылған
кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін жасап,
қазақ тіліне қазіргіше аударуды ұсынамын. Бәлкім,
[ 90 ]
Достарыңызбен бөлісу: |