Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Кітап оқудан кітап жазуға
[ 113 ]
қа шешім қабылдады; жіткен оқты атқан оқ табатынын 
өкінішпен түсінген Мұрагер шетел әдебиеттерін сата-
тын Бейоғлының дүкеніне қызметшілерін жіберетін. 
Әрине, ол жердегілер де әрдайым оның жіберген 
адамдарын тағатсыздана күтіп отыратын. «Өзімен-өзі 
болуды шешкен Мұрагер Осман Жәлеләддин Әпенді 
тура он жыл бойы кітаптармен арпалысып келді». 
Кітаптармен он жыл бойы жүргізілген тоқтаусыз май-
даннан соң Осман Жәлеләддин Әпенді кітаптардағы 
дауыстарға, ойларға, оқиғаларға өзінің дауысы мен 
өзінің оқиғаларын қарсы қойса ғана өзі бола алаты-
нын түсінді. Сол кезде ол Жазғышты қызметке алды.
Мұрагер баспалдақтың жоғарғы жағынан бар дау-
сымен: «Он жыл бойы Мұрагер Осман Жәлеләддин 
Әпенді кітаптармен арпалысып қана қоймай, өзімен-
өзі болуға кедергі еткен барлық нәрселерге қарсы 
шықты», – деп айтты. Жазғыш бұл алғашқы реттегі-
дей үлкен сенімділікпен және қобалжумен мың рет 
қайталанып айтылған сөйлемдерді ұқыппен тағы бір 
рет жазып алды.
«Адам сенгісіз болмыс пен ғайыптың арасында 
болған күрестің» он алтыншы жылында, қалыпты 
заттар мен сүйікті иістер мен кітаптармен күресте, 
қыстың бір түнінде, Мұрагер «еуропалық перделер» 
сыртынан кең бақшаны жауып жатқан қар мен айға 
қарады; осы сәтте ол өзінің жүргізіп жатқан күресі 
тек оның ғана емес, Осман мемлекетіне тағдырмен 
байласқан мыңдаған адамдардың күресі екенін ұқты. 
Себебі, соңғы алты жылда Жазғыш сан мыңдаған рет 
жазғандай, «өзімен-өзі бола алмайтын халықтар, жеке 
өркениет құра алмайтын, басқаға еліктеп, өзгенің та-
рихын қанағат еткен халықтар құрдымға кетеді».


[ 114 ]
Төртінші тарау
Мұрагер өзімен-өзі бола алмай құлаған мемлекет-
тер жайлы, басқаға еліктеймін деп жойылып кеткен 
халықтар туралы айтатын.
Нағыз мемлекет құру мақсатында отырықшы өмір 
салтына көшкен көшпенді тайпалар өздері сауда жа-
сайтын отырықшы халықтарға еліктеп, ақыры құрып 
тынатын.
«Мұрагер Осман Жәлеләддин Әпенді осы сөйлем-
дерді жазғызып, өмірден өтті; бұл оқиға 1321 жылы 
(1321 жылғы мұсылман күн санағымен хижра жылы 
христиандар жыл санағының 1929 жылына сәйкес 
келеді) шағбан айының (ай күнтізбесінің сегізінші 
айы) жетінші жұлдызында, бейсенбі күні, Тешвекие 
белесінде тұрған Аңшы сарайында орын алды», – деп 
жазды. Ал тура жиырма жылдан соң Жазғыш тағы бы-
лай деп қосып жазды: «Мұрагер Осман Жәлеләддин 
Әпенді отыра алмаған таққа жеті жылдан соң бауы-
ры Мехмет Ришад Әпенді отырды. Бала кезінде өзі 
желкесінен ұрған бауыры таққа отырған соң, үлкен 
соғысқа түскен Осман империясы құлады».
ӨЗІНДІК ОЙЛАУ
Тақырыпты жалғастыратын болсақ, Артур Шо-
пенгауэрге тағы да бір рет жүгінейік. Неміс фило-
софы 
Parerga und Paralipomena
кітабында былай 
деп жазады: «Оқу дегеніміз – өз басыңмен емес, 
бөтен біреудің басымен ойлау. Бүтін әлденеге, толық 
аяқталмаған болса да бір жүйеге дағдылануға тал-
пынатын өзіндік ойлау үшін бөтен біреудің ойларын 
оқу арқылы келетін ағыннан зиян ештеңе жоқ, себебі 


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 115 ]
олар әртүрлі адамға, бөтен жүйеге тиесілі болып, реңі 
басқа болғандықтан, ешқашан бүтін ой бола алмай-
ды, ойлаудың, көзқарас пен сенімнің біртұтастығын 
бермейді, керісінше, басыңда жеңіл абыржу орнатады, 
осы ойлар жайлаған миды ашық көзқарастан айырады, 
сөйтіп оны істен шығарады десе де болады. Бұл күйді 
көптеген ғалымдардан байқауға болады, олар пара-
сатты мағына, пайым дұрыстығы мен іс жүзіндегі такт 
жағынан дербес ойлау, сұхбаттасу мен аз-маз оқудың 
арқасында өзінің кішігірім танымына жететін көпте-
ген ғалым емес адамдарға дес береді. Осыған ұқсас 
нәрсені үлкен масштабта ғылыми білімі бар ойшыл да 
жасайды. Бірақ оған көп таным қажет және ол үшін өте 
көп кітап оқу керек, бірақ оның ақылы осының бәрін 
игеріп, қорытып, өз ойларының жүйесіне ендіріп, өзі-
нің тұрақты кеңейіп жатқан ұлы көзқарасының біртұ-
тас бірлігіне бағындыру үшін салмақты болып келеді. 
Ең қызығы, оның өзінің ойлауы органның негізгі басы 
сияқты барлығына үстемдік жасайды, оны жан-жақты 
ақпаратқа қанық бастың ішінде болатындай басқа 
тондар ешқашан басып тастамайды. Сондай бастарда 
барлық үндестіліктердің үзінділері араласып кетеді 
және қажетті тонды іздеп таба алмайсың.
Кітап оқумен өмірін өткізіп, даналығын кітаптар-
дан тапқан адамдар ел туралы көптеген саяхатшы-
лардың сипаттауларынан нақты деректер жина-
ғандарға ұқсайды. Олар көп нәрсенің ұсақ-түйегіне 
дейін айтып бере алады, алайда іс жүзінде оларда 
елдің сипаты туралы жүйелі, тиянақты, негізделген 
таным жоқ. Керісінше, өмірін ойлаумен өткізген адам-
дар сол елдерде болған адамдарға ұқсай бастайды, 
тек солар ғана әңгіменің тоқ етерін түсінеді, жалпы 


[ 116 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет