Төртінші тарау
ды. Кітап оқуға көптің жағдайы мен қызығушылығы
болмаған кезең болса да, қазақ тілінде бизнеске қа-
тысты әдебиет шығарып көрудің алғашқы талпыныс-
тары сол кезде қолға алынғанын енді біліп отырмын.
Бірақ ешкімге керек болмағандықтан, тез ұмыт болды.
Үшінші сынып оқып жүргенімде, мені оқу озаты,
белсендісің, сыныбыңның намысын қорға деп мек-
тептің бір байқауына қатысуға жіберді. 1997 жылдың
әңгімесі бұл. Қателеспесем, сол кезде екінші орын
бұйырды – сегізінші сыныпта оқитын бір балаға
жеңіліп қалдым. Салмақ көрсеткіштеріміз әртүрлі
болғандықтан ба деймін. Сол кезде маған жиырмасын-
шы ғасырдың менеджментінің гуруы саналатын Питер
Друкердің «Нарық: топ жарып, алға шығу» кітабын
сыйға тартты. Бір суреті жоқ, ішінде не жазылғаны
түсініксіз. Бала қызықпайтын кітап. Бірақ мен оны тас-
тамай, есейген шағыма дейін сақтап келдім. Ақылым
соған жеткенін айтсаңызшы. 1986 жылы шыққан
кітапты қазақтар Тәуелсіздік алған бойы ана тіліне
1994 жылы аударып алған екен. Қазір оны қарап отыр-
сам, өте сауатты аударма жасай біліпті. Кітапханамның
төрінде тұрған кітаптардың бірі. Сол кезде ұстаздарым
дәл осы сыйлықты бір нәрсені біліп жасағандай ма деп
ойлаймын. Бір символдық мәні болғандай.
«Күміс кітапты» жарыққа шығарып, өзімнің бас-
пагер ретіндегі жолымды бастадым десем болады.
Енді алдағы уақытта өзін-өзі дамытуға бағытталған
әдебиет пен іскерлік әдебиетті шығарып тұратын бо-
ламын. Бір досым: «Біздің замандастардың арасында
заманауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді
заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың», – деп
еді. Қазаққа бұл жанр бүгінгі күні өте маңызды.
БЕСІНШІ ТАРАУ
ОҚЫРМАНДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
[ 124 ]
ОҚЫРМАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ОН
ЖЫЛЫҢЫЗДЫ ЖҰМСАҢЫЗ
Менің ойымша, көп кітап оқитын адам кемінде
бір адамды өзіндей кітап сүйер жанға айналдыруы
керек. Бұл ұзақ мерзімге созылатын процесс. Оған
он жыл өміріңді сарыптауың мүмкін. Мамандық бо-
йынша бір топқа түсіп оқыған досымды танысқан
сәтте-ақ «Академкітапқа» алып барып, ертеңге
қалдырмай оқу керек кітаптарды сатып алғыздым.
Үйдегі кітаптарымды оқуға бердім. Абай: «Артық
білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – дейді. Ал
түріктің көсемі болған Ататүрік: «Егерде мен
өмірімде тапқан екі куруштың жартысын кітапқа
жаратпағанымда, осы күніме жетпес едім», – де-
ген. Менің әлгі досым: «Өміріме қатты ықпал ет-
кен адамдардың бірісің», – деп жиі айтатын. Қазір
аяғына нық тұрып, табысының қомақты бөлігін
кітап сатып алуға жұмсауды әдетке айналдырды.
Мұның сауабы да көп. Мен бір адамның кітапқа
деген сүйіспеншілігін ояттым. Оған он жылым
кетті. Енді бос он жылым болмағандықтан, осы
кітабымды жаздым. Мультипликативті әсері бола-
тынына сенемін.
«Күміс кітабым» мыңдаған жаңа оқырманның
қалыптасуына жол салсын деген ниетпен жазы-
лып отыр.
Оқырманды қалыптастыру
[ 125 ]
СЫЙҒА ТАРТҚАН КІТАБЫМ ЖОЛЫН АШЫП БЕРДІ
Сәтті сыйланған әр кітап адамның тағдырына әсер
етеді. Менің бір досым өз мамандығы бойынша оқуын
жалғастырмай, жаңа салаға ауысып, жеке бизнеспен
айналысуға бағыт алды. Бір сөзінде бұл шешімге
келуіне кезінде менің оған сыйлаған менеджмент
туралы кітабым әсер еткенін айтты. Сол кітап оның
өмірін өзгертуге себепкер болған екен. Мен ол тура-
лы ұмытып та кетіппін. Бұл – кітаптың қай кезде де ең
жақсы сыйлық екендігінің тағы бір дәлелі.
КАФЕДРАМА КІТАПТАР АПАРЫП БЕРГЕНІМ
ТУРАЛЫ
Магистратураны бітіргеннен кейін Қазақстан Рес-
публикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
стратегиялық зерттеулер институтында істегенімді
әлі ұмыта қоймаған боларсыздар. Бұл жерде еліміздің
мықты ғалымдарының кітаптары шығатын. Оқып
жүргенде бұл туралы білмедік.
Институт мемлекеттік мекеме болғандықтан,
шығарған әдебиетін сатуға құқығы болмайтын,
кітаптар еліміздегі кітапханаларға жөнелтіліп, конфе-
ренцияларда ғана тегін таратылатын.
Қазақ бөлімдерінде оқитын студенттер қазақ
тілінде шыққан не елімізде басылған ғылыми
әдебиет тапшылығы жағдайында білім алатыны ту-
ралы бұған дейін де сөз еттім. Институтта қызметте
жүргенімде, мекеме басшылығынан: «Мен білім
алған университеттің кітапханасына кітап жіберіп
[ 126 ]
Достарыңызбен бөлісу: |