Бесінші тарау
тұрасыздар ма?» – деп сұрадым. Студент кезімде
университеттің кітапханасында бұл институттың
еңбектерін көрмегенімді айтып, неге бұған дейін
кітап жібермегендерін сұрадым. Олар университет-
пен кітап жіберу туралы келісімнің жоқтығын тілге
тиек етті.
Біздің кешкен күніміз келесі буынға тумасын деп,
институтымда шыққан кітаптарды жинай бастадым.
Басшылықты көндіріп, ертеректе жарияланған сирек
әдебиеттерді де босқа жатқаннан гөрі студенттердің
қажетіне жарасын деген ниетпен сұрап алдым. Сөйтіп
жеті үлкен қорапты кітапқа толтырып, жұмыстан
сұранып, өзім оқыған кафедрама алып бардым да,
меңгерушіге табыстап қалдырып кеттім. Осыдан
кейін өзім де үлкен міндеттерімнің бірін орындадым
деген көтеріңкі сезімде жүрдім.
Жарты жылдан кейін кафедрама қайта барудың
сәті түсті. Ол жерге барсам, әлгі жарты жыл бұрын
алып барған жеті қорабым сол күйі орнынан қозғал-
мастан жатыр екен. Ең жақсыларын алып кетіп, үлкен
еңбек пен табандылықтың арқасында жинаған әде-
биеттерімді талан-таражға салған. Кітапханаға жет-
пеген. Бұл қиын шаруа емес қой, бар болғаны бірнеше
студентті шақырып алып, соларды кітапханаға алып
бар десең, көтеріп апара салатын дүние емес пе? Сол
жердегі ғылым докторлары мен кандидаттары ата-
нып отырғандардың студенттердің жақсы білім алуы-
на жандары ауырмағанына таңғалдым. Табандарын
тоздырып кітап жинамақ түгілі, дайындап әкеліп бер-
ген әдебиеттерді кітапханаға жеткізе алмаған. Мен
жартылай бос қораптарға қарап, еңбегімнің құмға
кеткен судай болғанын түсініп, қатты қорландым. Бұл
Оқырманды қалыптастыру
[ 127 ]
өмірімде зор реніш туғызған сәттердің бірі еді, қатты
жаныма батты. Көңіліме келсе де үндеген жоқпын.
Осыдан кейін бірнеше жыл өткен соң, фейсбуктағы
лентамда кафедрамның ғылыми кітапхана ұйым-
дастыруға кіріскені туралы хабарлап жатқанын көзім
шалды. Еліміздің танымал саясаттанушысы кафед-
раға кітаптар сыйлапты, кітапхананың ашылуына сол
мұрындық болған екен. Мен саясаттанушы ретінде
жақсылық жасау үшін әріптесім сияқты міндетті түр-
де танымал болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қат-
ты күйіндім.
Танымал әріптесім фейсбуктағы парақшасында
басқалар да үлгі алып, кітапханаға әдебиет сыйлап,
оны толтыруға үлестерін қосып жатқаны туралы
жазып жүрді. Бір күні сондай жазбалардың бірінің
астына «Кафедраға келесі барғаныңызда осыдан
бірнеше жыл бұрын менің сыйлаған жеті қорап
кітабымның тағдыры не болғанын сұраңызшы» деп
жаздым. Ол кісі әңгіменің төркінін білмегендіктен,
сұрайтынын хабарлады. Екеуміздің осылай жазы-
сып отырғанымызды кафедра меңгерушісі байқап
қалыпты. Маған жеке хабарлама жолдап, бұл
жазғанымның оған қатты тигенін, жаман күйде
болғанын айтты. Мен дәл қазір ол кісіге қалай жа-
ман болса, маған бос жатқан қораптардың алдында
тұрғанымда тура солай жаман болғанын айттым.
Соған қарамастан, жас өрендердің мүддесі үшін
күйініштерімізді ұмытып, тіл табыстық. Ол кісі сту-
денттермен кездесуге шақырды. Бұл жолы жеті
қорап кітап жинамасам да, студенттерге көмек бол-
сын деген ниетпен жеке кітапханамдағы әдебиет-
тің ішінен бір қораптай кітап жинап апарып бердім.
[ 128 ]
Бесінші тарау
Нобель сыйлығын алған ақын Иосиф Бродскийдің:
«Ешбір қылмыстық кодексте әдебиетке қарсы қыл-
мыс үшін жаза қарастырылмаған. Осы қылмыстар-
дың ішінде ең ауыры, тіпті, цензуралық шектеулер
мен кітаптарды өртеу емес. Бұдан да ауыр қылмыс –
кітаптарды менсінбеу, оларды оқымау» деген бір ке-
ремет сөзі бар.
Кітапты менсінбеу – қылмыс.
КІТАП ОҚУ ЖӘНЕ ФЕМиНиЗМГЕ БЕТАЛЫС
Жарыммен ең алғаш қосылғанда, оған: «Егер мен
жылына жүз кітап оқитын болсам, сен кемінде елу
кітап оқымағанша, бір-бірімізді түсіну қиынға соғуы
мүмкін», – дедім. Үйленгенде сүйіп қосылу шарт қой,
дегенмен отбасын құру өмірлік жоба болғандықтан,
оның беріктігін қамтамасыз етуде сезіммен қоса
үлкен еңбек, өзіңді-өзің жетілдіру, жауапкершілік
қатар жүруі керек. Әйтпесе ертең біріңді-бірің түсі-
ну өте қиын болады. Себебі, дүниетанымдар арасын-
да алшақтық пайда болып, түсініспеушілік пен рен-
жуге барып қалу ықтималдылығын жоққа шығара
алмаймыз.
Мысалмен түсіндірсем, біреу бесінші қабаттан
қарап тұрып, анау жерде ағаш өсіп тұрғанын көреді.
Ал бірінші қабаттағы кісі ол ағашты көре алмайды,
өйткені оның алдын келесі бір үй жауып тұрады.
Оған «ағаш бар» десе, ол оған «ағаш жоқ» дейді.
Түсініспеушілік осыдан келіп туындайды. Екі мың
кітап пен бес жүз кітаптың арасы деп осыны айтып
отырмын.
|