Оқырманды қалыптастыру
[ 129 ]
Әйелім де кітапты өте көп оқиды, тіпті кейде жа-
рысатынымыз да бар.
Ерлер бір жұмыс атқарса, әйелдер екі жұмысты –
үйдің де, түздің де жұмысын қатар ала жүріп, кітап
оқуға да уақыт тауып жатады. Бұл бала тәрбиесіне
оң әсерін береді. Егер ата-анасы кітап оқитын болса,
баланы кітап оқуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ екенін
бұған дейін де айтып өттім.
Қазір табысымды сәл де болса арттырып, үй ша-
руасына көмектесетін көмекші алуға артылатындай
деңгейге жеткізудің қамын жасауға тырысудамын.
Сонда әйелімнің біраз уақыты үнемделіп, оны өз пай-
дасына және осының арқасында ұрпағының дұрыс
тәрбие алуына жарата алар еді.
Кейбір енелер: «Біз де келін болдық, мына
келіннің бізден қай жері артық?» – деуі мүмкін. Қатар-
ластарымның арасында да әйелдің тәуелсіз, тең
һәм еркін болғанын жақтырмайтындар кездеседі.
Әлбетте, мен жауапкершіліктен қашу керек дегенді
меңзеп тұрған жоқпын. Меніңше, қазақ жиырма
бірінші ғасырға он тоғызыншы ғасыр болмысының
кейбір әбден тозығы жеткен түсініктерімен қадам
басқан сияқты. Қарапайым тілмен айтқанда, мен үшін
ыдысты кім жуғандығы маңызды емес. Ол, мейлі,
әйелім болсын немесе басқа біреу болсын, ешқандай
айырмашылығы жоқ. Керісінше, үнемделген уақытын
әйел адам өзін дамытуға, жаңа нәрселер үйренуге,
тренингтерге қатысуға, көлік айдау курстарына
жазылуға, бір сөзбен айтқанда, қалаған қажеттілігіне
жұмсай алатындай болуы керек.
Егер баланы әке-шешесіне қарап бой түзейді дей-
тін болсақ, онда бұдан оның алатын дүниесі екі есе
[ 130 ]
Бесінші тарау
болады. Үйлену оңай, ал үй болу барлық жағдайда да
жеңіл шаруа емес. Sapienti sat
18
.
БАСҚАЛАРДЫҢ КІТАП ЖАЗУЫНА
КӨМЕКТЕСКЕНІМ ЖАЙЛЫ
«Ситуативный казахский» кітабының авторы
Қанат Тасыбеков ағам аталмыш еңбегінің екінші то-
мын жазған соң, маған қолжазбасын оқуға беріп,
түзететін не толықтыратын жері болса айтуымды
сұрады. Жұмыстарым қарбалас болып жатқандығына
қарамастан, кітаптың қолжазбасымен бір ай бойы
жұмыс істедім. Оны Волгоградқа, Дубайға, Оралға
өзіммен бірге ала жүріп, мұқият қарап шықтым.
Қанат аға кітабын өзімнің де қазақ тілін дамытуға
қосып жүрген үлесім болғандықтан сеніп табыстаған
болар. Екі жыл уақытымды моделін ойлап табуға
жұмсап, қазақ тілін үйретуге бағытталған BAS QOSU
19
жобасын дүниеге әкеліп, еш жерден қаржылық көмек
алмай, тағы екі жыл бойы бес жүзден астам адамға
қазақ тілін үйреттік. Осы жобаның тиімді жүзеге асуы-
на достарым Ерден Зікібай, Бақытжан Мұхаммедия-
ұлы, Анар Баршаху, Аида Әжіғалиева, Әмина Жеменей
мен Жадыра Дәуітованың үлкен еңбегі сіңді.
Бұл кітапқа қатысты менен бөлек Герольд Бельгер
сынды тұлғалар өзінің ақыл-кеңестерін айтқан. Менің
үлесім ағаларымыздың үлесімен салыстырғанда тит-
тей ғана. Басылып шыққан кітапты қолыма алғанда
18
Түсінгенге жеткілікті (лат.).
19
Жобам туралы толығырақ ақпаратты оның фейсбуктағы
парақшасынан ала аласыздар: www.facebook.com/basqosu.
Оқырманды қалыптастыру
[ 131 ]
бір риза болғаным, бірінші бетінде автор жылы
лебіздер білдірген адамдардың ішіне менің есімімді
де көрсетіп қойған екен.
Келесі жолы тағы бір адамның кітабының өміріне
араласқаным былай болып еді. Алматыдағы мейрам-
ханалар желісі ашылар алдында оның маркетологі,
танымал Жанна Прашкевич хабарласып, қазақ қонақ-
жайлылығын ғылыми тұрғыда зерттеп беруімді
сұрады. Қазақ қонақжайлылығы қандай? Ол этно-
графияда қалай көрініс тапқан? Басқа халықтардың
қонақжайлылығымен салыстырғанда біздікінің
артықшылығы неде? Этнографтармен кездесіп, со-
лардан ақпарат жинауымды өтінді.
Этнографияға қатысты жүзге жуық еңбектерді
жинап, оларды талдап, қонақжайлылығымыз ту-
ралы құнды үзінділерін іріктеп бердім. Еліміздің
бірнеше тарихшы ғалымдарымен кездесіп, олар-
дан сұхбат алдым. Жұмыс жасау барысында өзім
үшін де біраз жаңалық аштым. Тарихшы, профессор
Нұргелді Уәли ағам біраз нәрсенің сырын ашып берді.
Ол кісі қазақ қонақжайлылығының қазір ешқандай
артықшылығы мен ерекшелігі қалмағандығын, бірақ
баяғыда болғанын айтты. Ғалымның айтуынша,
бұрын қонақжайлылық құқық пен діни наным-сенім
тұрғысынан қорғалған болған, қазір ондай жоқ.
Қазақтың қонақжайлылығының бірнеше негіз-
демесі бар.
Біріншіден, ол – экономикалық негіздемесі. Қо-
нақжайлылық барлық халықта кездеседі. Бірақ
қазақтарда оның өзіндік ерекшеліктері болған. Біз
ежелден мал өсіруші халықпыз. «Алалы жылқы,
ақтылы қой» деген сөз бар, ол молшылықты білдіреді.
[ 132 ]
Достарыңызбен бөлісу: |