[ 152 ]
Күміс кітап
* * *
Бүгінде, әлеуметтік желі мен Интернет өміріміздің
ажырамас бөлігіне айналған тұста, түрлі адамдардың
жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығының
бара-бара төмендеп жатқандығы жайлы пікірлерін
естуімізге және оқуымызға тура келіп жатыр. Бұл мә-
селе қазіргі өміріміздегі кітаптың рөлі жайлы маңыз-
ды талқылауларға ұласуда. Тіпті саясаткерлердің өзі
жас ұрпақтың жылдам әрі мобильді ақпарат алуы
үшін ғаламторға көбірек қызығатындығына алаң-
даулы. Сол үшін де кітаптың маңыздылығы жайлы
қайта-қайта айтылуы өте орынды.
Бақытжан Бұқарбайдың кітабы осы талқылауға
қосылған салмақты үлес болып саналады. Кітаптың
жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылуы автордың өз ой-
ларын қалың аудиторияға жеткізе алуына мүмкіндік
береді. Аталмыш кітап біреуге ақыл үйрету үшін
жазылған әңгімелер жинағы емес, керісінше, ол –
әрекетке итермелейтін месседж. Автор тек бүгінгі
мәселер туралы ғана ойландырып қоймайды, оның
осы еңбегін оқып болған соң қолыңа келесі бір кітап-
ты алғың келіп тұрады.
Бақытжанның осындай тақырыпты алғандығы
үшін алғыс айтқым келеді. Осы кітап арқылы оның
жастармен кездесіп, соларға тікелей жүгініп, мәде-
ниет, сөз және ой құндылықтарымен таныстыра тү-
седі деп үміттенемін.
Достарыңызбен бөлісу: