Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan


Ерлан Қарин , саясаттанушы Кітап жайында пікірлер [ 153 ] * * *



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Ерлан Қарин
, саясаттанушы


Кітап жайында пікірлер
[ 153 ]
* * *
Жұмыс бабымен шетелге жиі шығып тұратын 
әдетім бар. Сол сапарлардың барысында жіргілікті 
халықтар мен өзімізді салыстыру әркімнің бойын-
дағы қасиет қой. Өз басыма ерекше көрінген айыр-
машылықтардың бірі – кітап оқуға деген әуестік. 
Әсіресе, бұндай жағдай дамыған батыс қоғамдарына 
тән. Асылы, кітап оқуға кедергі саналатын Интер-
нет пен әлеуметтік желілер оларда да мейлінше сал-
танат құрып тұр. Десе де, Америкада, Францияда, 
Германияда, басқа да елдерде қоғамдық көлікте не-
месе бұқара көп жиналатын орындарда кітап бетіне 
үңілген көптеген азаматтарды байқайсыз. Ерекше 
қуантатыны – аталмыш оқырмандардың басым бөлігі 
жастар. Жергілікті кітап дүкендеріне кіре қалсаңыз 
да дәл сол көрініске тап боласыз – еденде жайғасып 
кітап оқығандар немесе жаңа басылымды сатып алу 
үшін тізілген ұзын-сонар кезек...
Рас, осыдан болғаны 20–30 жыл бұрын Қазақстан, 
кітапқа әуестік тұрғысынан алғанда, әлемдегі ал-
дыңғы қатарлы елдер санатында табылатын. Алай-
да уақыт өте зияткерлік, бәсекелестікке қабілетті 
болудың негізгі көзі – осындай керемет дәстүрден айы-
рылып қалдық. Бәлкім, нарық заманының тәлкегі, ру-
хани құндылықтардан гөрі қарын тойдыру, байлыққа 
қанығу секілді тұрпайы түсініктердің басым түскені 
себеп болар. Келді-кетті осындай ұстаным, айналып 
келгенде, елімізді де, жекелеген азаматтарымызды да 
жақсылыққа жетелемейтіні хақ. Қайта адами тұрғыда 
азып-тозып көш соңында қалуымыз әбден мүмкін. 
Олай болса, кітап оқу арқылы адамзат жинаған 


[ 154 ]
Күміс кітап
білім мен ілімнен құр қалмай, ұмыт болған дәстүрді 
жаңғыртуы – аса өзекті міндет.
Жас ғалым, көкірегі ояу азамат Бақытжан 
Бұқарбай бауырымның «Күміс кітабы» аталмыш 
зор олқылықтың орнын толтыруды көздеген құнды 
еңбек болып табылады. Онда кітап оқудың маңызы 
ғана емес, ең оңтайлы әдістері мен тәжірибелері 
берілген. Әсіресе, электрондық та, қағаз бетіндегі 
әдебиеттердің шексіз мұхитында қалайша әрекет-
тенген абзал, өзіңе керекті ақпаратты тауып 
игерудің жолдары тамаша көрсетілген. Ал, ең бас-
тысы, жарқын болашақ, жемісті еңбек, бақытты да 
мағыналы ғұмырға жетудің негізгі кілті кітап екен-
дігі жан-жақты тұжырымдалған. Сондықтан «Күміс 
кітаптың» жарық көруімен авторды шын жүректен 
құттықтай отырып, жерлес-замандастарымды, ең 
алдымен, жастарды, осы келелі еңбекпен танысуға 
шақырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет