[ 148 ]
Күміс кітап
келіп іздеңдер. Далада текке тұрғанша, осы жерде
қоныңдар. Кафеде «ля-ля-ля» деп отырғанша, осы
жерге келіп, екі-үш сағат бір нәрсе ақтарыңдар.
Туған жеріне ұл-қыз болу арқылы, тек ата-
ананың ғана намысы емес, ұлтының намысын ойлау
арқылы адам бақыт табады. Бұл отырған автордың
тапқанын «джип» машинасы мен өзіне деген бірнеше
қабат сарайға жұмсамай, қайтсем қазақ жастары-
на кітап оқытам, қайтсем қазақ тілін үйретем деп
жүргені үшін ғана атын өздеріңе үлгі етіп алыңдар.
Бүгінгі заманға сай кіші кітаптан үлкен мәлімет алу
үшін шырылдап жүрген халқымыздың бір азама-
ты деп қараңдар. Бәлкім, кейін ұлтқа қызмет ететін
ұлы азаматты біз сол кезде көрдік деп айтатын
боларсыңдар. Айналайын Бақытжан, мен саған сон-
дай тілек тілеймін. Сен ұлтыңа қызмет еткен ұлы аза-
мат бол. Мен сенің анаң, әжең, апаң ретінде осындай
бата беремін. Бақытты бол. Отбасыңмен бақытты
бол. Ұлтыңа, халқыңа, адамзатқа жасалған қызмет
ешқашан ұмытылмайды.
Халық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері
Достарыңызбен бөлісу: