Оқырманды қалыптастыру
[ 139 ]
ҚЫРҒЫЗДАР ШЫҒАРҒАН КІТАП
КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Қазақ тілін дамытуға үлесін қосып жүрген Қанат
Тасыбеков ағамыз «Ситуативный казахский» кіта-
бының үшінші томын жазу барысында өткен жолғы-
дай менің көмегімді сұрады. Соңғы томы сөздік фор-
матында шығады деп жоспарлануда, яғни қазақша
тіркес не қанатты сөздің
орыс тіліндегі баламасы
беріледі. Бұл жақсы идея, қазақ тілін үйренушілердің
сөздік қорын байытатыны сөзсіз.
Менің ол кісіге осы жолғы көмегім Қырғызстанда
жарық көріп, осы әдісті қамтыған кітапты та-
уып бергенім болды. Ол кітапта қырғыз мақал-
мәтелдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі бала-
малары келтірілген.
2010 жылы Одессаға сапар шегіп, халықаралық
жастар симпозиумына қатысқанымда, көрші жат-
қан бауырлас елден келген Арыстанбек деген
жігітпен танысқан едім.
Бұл кітапты қырғыз ба-
уырымнан көріп қалдым, жолда оқып жүр екен.
Мұқабасы жасыл кітап. Сол кезден бері есімде
қалып қалған ғой.
Қанат ағаның былтыр кітабының үшінші томын
жазып жатқанын естігенде, ойланбастан Арыстанбек-
ке хабарласып, әлгі кітап жайында сұрастырдым. Ол
еш қиналмастан оны сканерлеп, Интернет арқылы
поштама жолдады. Сосын
мен оны Қанат ағама апа-
рып бердім. Ол да қатты риза болып қалды. Осылай
көмек қолын беріп жүру, негізі, жақсы әдет.
[ 140 ]
Бесінші тарау
ҚАЗІРГІ АҚЫНДАР ПиццА ЖЕТКІЗУШІДЕЙ
БОЛУЫ КЕРЕК
Оқырмандармен кездесу барысында жиі еститін
сұрақтарымның бірі: «Отандық жас ақын, жазушы-
лардан кімді оқисыз?» Басында біртүрлі ыңғай-
сызданып қысылушы едім, бірақ кейінірек «ешкімді»
деп жауап беретін болдым. Ащы болса да, шындық.
Мен бұл үшін ұялмаймын
және надандығым деп
ойламаймын. Жас ақындар қай заманда өмір сүріп
жатқанымен есептескені дұрыс.
Бірде шенеуніктің қатысуымен өткен жас ақын-
дардың жиынында болдым. Сонда тәуелсіз жылдары
қалыптасқан өлең шеберлерінің сөздері мен ойлауы-
ның кеңес кезіндегі ақындардан еш айырмашылығы
жоқ екенін көрдім. Шенеуніктен өлеңдерін шығарып
беруге қаражат сұрайды, кітаптарын басып беруді
өтінеді. Бұған дейін бір жинақтары мемлекет
қолдауымен
басылып шығыпты, соған мәз.
Ал, жарайды, басылған екен. Шенеунік қолдаса,
тағы басылады. Бірақ басты мақсаты кітаптарын
кітап қылып шығарып, достарының алдында мақтану
ма, әлде шығармаларының шынымен де оқырманның
жүрегіне жеткені ме? Ол кітаптардың басылып
шыққанын кім біліп жатыр? Сонда өлеңді өз заман-
дасына жазбағанда кімге жазып жүр? «Болашақта
дүниеге келетін оқырманым үшін жазамын», – десе,
қаржыландыруды содан барып сұрасын.
Бізде ақын көп. Өлең жазбайтын қазақты әлі
кездестірмедім. Неге олар бір-бірімен бәсекелестікке
түспейді? Неге шығармалары бәсекелестіктен топ жа-
рып, оқырманға жол тартпайды?
Мен тұтынушы-