Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет49/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

Төртінші тарау
балаларын, ескі заттары мен Босфор жағалауында 
орналасқан сарайындағы әдеттерін тастап, жиырма 
екі жыл, үш ай өмірін өткізген Аңшы сарайына көшті.
Мұрагер Аңшы сарайында өткен алғашқы алты 
жылы оның өміріндегі ең бақытты кезең болғанды-
ғын бірнеше рет айтты.
«Өйткені, – деп түсіндірді ол, – сол уақыттарда мен 
тек қана оқыдым және оқылғандар жайлы ойладым. 
Себебі алты жыл ішінде жазушылардың ойларымен, да-
уыстарымен, оқыған кітаптарыммен өмір сүрдім. – Со-
дан кейін мынаны қосты: – Бірақ осы алты жыл ара-
лығында мен бір рет те өз-өзіммен бола алмадым. Мен 
өз-өзіммен болмадым және меніңше, сондықтан бақыт-
ты болған болармын, бірақ падишахтың міндеті – ба-
қытты болу емес, өз-өзімен болуы!» Әрі қарай Жазғыш-
тың дәптерге мың рет жазған фразалары жалғасты: 
«Падишах қана емес, әрбір адам өз-өзімен болуы керек».
Мұрагер өз жаңалықтарын «ең үлкен жаңалықтар» 
және «өмірімнің мақсаты» деп атады; осыны істеді 
де, Аңшы сарайында өтіп жатқан ғұмырының алтын-
шы жылындағы жазбаны айтып берді: «Арманымда 
Осман тағында әлдеқашан отырған болатынмын және 
қандай да бір мемлекеттік істі шешуде ойымдағы па-
дишахты (өзімді) қатты жазғыратынмын. Өзімнің 
ой өрісіммен бейнелеп алған билеушінің, Вольтер 
секілді ақ-қарасын ажыратып отыратынмын. Бірде 
өзімнің қандай жағдайға жеткенімді кенеттен түсініп, 
ойланып қалдым. Санамда Осман тағында отырған 
отыз бесінші падишах бір өзім емес, Вольтер не Воль-
терге тартпақ болған адам секілді көрінді. Сол кезде 
мыңдаған құлдардың өмірін қуыршақтай басқаратын, 
картада шексіз үлкен болып көрінетін мемлекеттерді 


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 111 ]
билеуші патшалар өз-өздеріне иелігі жоқ басқа адам 
болатынын және осының қорқынышты екенін бірінші 
рет түсінгендей болдым.
Хақ падишах болу, басқаның көлеңкесі болмау 
шешімін қабылдап, соңғы алты жылда ғана емес, бар 
ғұмырымда оқыған кітаптардан арылу керектігін 
түсіндім, – деп, Мұрагер өзінің өмірінің келесі он жыл 
тарихын бастамай жатып жаздырды. «Басқа емес, өзім 
болу үшін, мен кітаптардан, жазушылардан, тарихтан, 
дауыстардан арылуым керек болды. Осыған маған он 
жыл кетті».
Мұрагер Жазғышқа өзіне әсер еткен кітаптардан 
қалай арылғаны туралы айта бастады. Жазғыш 
Мұрагердің сарайдағы Вольтердің бүкіл томдарын 
қалай жаққаны туралы әңгімесін жазды. Бұл жазу-
шыны оқи отырып, шығармаларын еске ала тұрып, 
Мұрагер өзін ақылдырақ сезініп, өзін-өзі емес, бірақ 
француз қалжыңбасы етіп елестеткен екен. Осман 
тағына өзі емес, жабырқау келген неміс философы 
отыра ма деген күдікпен сарайдан Шопенгауэрдің 
де кітаптары шығарылған көрінеді. Қыруар ақшаға 
алдырылған Том Руссоның да кітаптары жыртылып, 
сарайдан аулаққа әкетілді. Себебі, оларды оқи оты-
рып, Мұрагер өз-өзін қылмыс жасау орнынан ұстап 
алуға тырысатын тағы адам бейнесінде елестететін. 
«Мен барлық француз философтарының, әлемді 
ақылмен танып білуге болады деген Дельтур мен Де 
Пассе, Мореллилердің, я басқа ойда болған Бришоның 
кітаптарын аяусыз өртке орадым. Оларды оқи оты-
рып, өзімді патша емес, өзіне дейін өмір сүрген дана-
лардың ойларын жоққа шығаруға тырысып жүрген мыс-
қылшыл профессор-полемист етіп елестететінмін». 


[ 112 ]
Төртінші тарау
Мұрагер осылай деп айтып еді. Өзі қалайтын патша 
бейнесіне келіспейтін кейіпкерлер бейнесін оқи оты-
рып, «Мың бір түнді» де жалын құшқызды. «Макбетті» 
де отқа тастады. Бұл кітапты әр оқыған сайын өзін 
тақ таласында қолын қанға бояуға дайын, осы ұятты 
іске мақтаныш сезімін сезінетін жігерсіз қорқақ адам 
етіп елестетін. Сарайдағы «Месневиді» де алып кетуді 
бұйырды. Әрдайым осы кітаптың ішінен оқуға әңгімелер 
таңдағанда, өзін Мевляна жазған әңгімелер нағыз өмір 
екеніне сенетін дәруіш ретінде елестететін. «Өзімді мұңлы 
ғашық жүрек етіп елестеттім. Сол үшін де Ғалыпшейхты 
да мен өртедім. Ботфолионы жақтым, себебі өзімді шы-
ғыс мәдениетіне енгісі келетін батыс адамы ретінде елес-
теттім, Зерханиді болса, өзімді батысшыл келген шығыс 
адамы етіп елестеткім келмеді; өзімді шығыс адамы да 
емес, батысшыл да емес, қызығушы да емес, ақымақ, аван-
тюрист, бұл кітаптардағы басқа біреу етіп көргім келме-
ді». Осыдан соң Жазғыш соңғы алты жыл бойы сан мың-
даған рет жазған сөз естілді. «Мен тек өзім болғым келді».
Мұрагер мұның оңай еместігін білді. Барлық кітап-
тарынан арылған соң, ол көптеген жылдар бойы Жаз-
ғышқа өзінің естеліктерін жаздырып отырды. Оның 
өзгелердің әңгіме, жазбаларын іштей естігені тоқтады. 
Бірақ Мұрагердің басында тым-тырыс тыныштық 
орнады. Осыған төзе алмай, өз әміріне қарсы келіп, 
қызметшілерінің біреуін қалаға кітап сатып алуға 
жіберді. Бір дегеннен кітаптарды түгел оқып тастап, 
алдымен кітап авторларын мазақ ететін. Сосын сал-
танатты түрде бар ашу-ызасымен осы кітаптарды 
жағып жіберетін. Бірақ олардың дауыстарын миында 
ести бергендіктен, авторларына еліктей бергендік-
тен, бір кітаптан екінші кітапты оқу арқылы арылмақ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет