2
-тақырып. Ана тілін оқыту әдістемесінің қағидаттары Оқушыларға ана тілін оқыту, оларды тәрбиелеу және жан-жақты
дамыту міндеттерінен келіп шығып, таным теориясына негізделіп, барлық
ӛзара жуық, байланысты пәндердің ҧсыныстарына негізделіп, ана тілін
оқыту әдістемесі ӛзінің қағидаттарын істеп шығады. Бҧл қағидаттар
жалпыдидактикалық қағидаттардан ӛзгеше болып, оқытушы мен оқушы
арасындағы оқу еңбегінің бағыттарын белгілеп береді.
Ана тілін оқытудың қағидаттары мыналар:
1. Тіл материалына, сӛйлеу аппараты мҥшелерінің дамуына, сӛйлеу іскерлігінің дҧрыс қалыптасуына мән беру қағидаты. Сӛйлеу, тіл
заңдылықтарына, аз да болса мән бермеу практикалық сӛйлеу қызметін
игеруге кері әсерін тигізеді. Мысалы, фонетикалық дағдыларға жеткілікті
мән берілмесе, емле сауаттылығына кемшілік келеді. Бҧл білім беру
қағидаты тіл жаттығуларында кӛру және есту нҧсқалылығын қамтамасыз
13
етуді және сӛйлеу аппараты мҥшелерін жаттықтыруды (сӛйлеп беруді,
мәнерлеп оқуды, ішкі сӛйлеуді) талап етеді.