0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет102/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

82 
 
екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915),үшіншісі: Сөйлем жүйесі 
мен түрлері (1923). Барлығы да Орынборда жарық көрген. Әдіскер ұстаз осы 
оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы 
оқытылатын «Тіл – құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың 
алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта әріптер, 
буындар, әріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары 
оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Онымен қоса «Әліп би» еңбегі де 
балалар сауатын ашуға арналған күрделі еңбектердің бірі. Оқулық 1926-
шыжылы бұрынғы Оқу құралы Қазақша алифбаға жалғасты кітап ретінде 
жазылған. Кітап 14 жылдан соң қолданылған тәжірибе сынақтан өтіп қайта 
өңделіп, 1926-шы жылы Қызылорда баспаханасынан шыққан, 1928-ші жылы 
тағы басылды. Алғашқы басылым 116 бет, кейінгі басылым 114 бет. 1927-ші 
жылғы екінші басылымның түпнұсқасы табылған жоқ. 1928-ші жылғы 
оқулықтың ішкі мұқабасында 3-нші рет басылғандығы айтылады. 
Қорыта келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы халқының ұлы перзенті. 
Жұртын жақсылыққа үн қосып, жамандықтан алыстатуға шақырған үні тек 
өлеңдерінен ғана емес, ғылыми еңбектерінен де байқалады. Неге десеңіз, 
ұрпақ қамы үшін еңбек еткен жан ғана тарихымызға, тілімізге қатысты 
күңгірт мәселелерді шешуге жанын салады. Қазіргі таңда қазақ тілінің кейбір 
грамматикалық, морфологиялық сипаттары жойылып, орыс тілінен келген 
өзгерістерге бой бергенін ескеретін болсақ, Ахмет салған жүйенің әркез 
дұрыс болғанын байқау қиын емес. Тіліміздің біз тани қоймайтын сырын, 
сипатын, нәзік тұстарын аңғара білген ғалым бір жүйеге түсіруді мақсат 
етеді.
Ахметтің ғылыми еңбектерімен қатар өлеңдеріндегі әр сөзінен 
халқымыздың кең даласындай дарқандылықты, кейде заман жүктеген ауыр 
шындықты, қастерлі күйінішті байқауға болады: 
Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай! 
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай! 
Үйілген өлексені өрге сүйреп, 
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай! 
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, 
Түнерген төбемізден бұлт арылмай. 
Көк атты, көн терілі, көніп қалған, 
Сықса да шыдай беру — жұрт жарылмай.
Өлең тармақтарындағы «сұңқар, тұлпар» ұғымдары халқымыздың 
ежелгі шаруашылығымен, көшпелі тіршілігімен тығыз байланысты. Өлеңнің 
келесі жолдарында толғау сарыны көбірек байқалса да, жоғарыда келтірілген 
ұғымдар өле мазмұнын толықтай өзіне жүктеп, бабалар аңсаған арманды, 
ерлікті үміт ететіндей көрінеді. 
Дәл сол секілді Ахмет Байтұрсынұлы да халқына, ұрпағына сенді. 
Жасампаз жұрттың жарқ етер сәті туатындығын сезді. Әсіресе, балаларға 
арнаған туындыларында ерекше пафосқа ие болатын сезімдер арқылы жас 
ұрпақты өз тілін сүюге шақырды. Балалар сауатына, әдебиетіне жіті көңіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет