0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет100/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

80 
 
туындыларынан табады. Тарих парақтарындағы көз жүгіртуге жүрек дауалар, 
сөз етуге жаның шыдамас оқиғалар ақын өлеңдерінен жыр болып төгіледі. 
Бойыңа намыс, қаныңа қайрат сыйлайтын сәттер жазушыларымыздың 
шығармаларының арқауы болады.
Бұл турасында әдебиетімізге өмірін арнаған ақын жазушы, 
ғалымдарымыздың саны көп екендігі мәлім. Соның ішінде әдебиетіміздің 
негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының орны ерекше. Неге десеңіз, қазақ 
тілі мен әдебиетіне қатысты күңгірт мәліметтердің жүзіне жылу ұялатқан 
ғалым қазақ тіл біліміне үлкен еңбек сіңірді. Ғұмырының жарқын шақтарын 
ғылымға арнап, артына өшпестей із қалдырды. 
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 
Ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған Ахмет әдебиеттану 
ғылымының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы атанған. Ғалым 
халқы үшін аянбай еңбек ету жолында талай қиындақтарға кезіккен. Кеңес 
одағының қылышынан қан тамып тұрған кезеңде «халқым» деп үн қатудың 
өзі өліммен бірдей екенін ескерсек, халқымыздың тарихы, тілі жөнінде 
ғылыми мәліметтерді келітірудің өзі аса қайраттылықпен, табандылықпен 
келгенін анық байқауға болады.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін талдағанда, балалар сауатын ашу 
мақсатында жазылған шығармаларға баса назар аударамыз. Мысалы, «Оқу 
құралы» еңбегі. Алғаш рет Орынборда жарық көрген бұл еңбек қазақ 
әдебиеттану ғылымы үшін жаңа бастамалардың баспалдағы болған еді. 
Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты 
ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың әріп үйретер 
бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-
раһим» шырағдандай орналастырылған. Ислам діні үстемдік құрмай тұрған 
кезеңде кітаптың алғашқы сөзінің құран үлгісіне сай жазылуа балаларды 
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің басы деп білеміз. Әрі қарай 
қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, әрбір харіптің 
тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына 
оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, 
соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа 
оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық етіп келтірілген.Мәселен: туысқан-
туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен 
хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары 
т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы әліппеге жалғасты 
ретінде толықтырылып, 1913-ші жылы шықса, «Әліппе – астары» атты 
әліппеге жетекші құралы 1924-ші жылы жазылған.Осы оқулықтардың бала 
сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметі баршамызға белгілі. 
Тіпті туындының әр жыл сайын жарияланып отыруы үлкен жетістік. Кітап 
ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, 
ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық 
көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет