87 Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-түркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Мысалдың тәрбиелік мәні - балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Ақынның айтар ойы, өсиеті де осы.
«Егіннің бастары»мысалында: Тәкаппарлық, менмендік қасиеттерден бойды
аулақ ұстау керектігі айтылады, кейіпкерлері - адам, бидай.
«Өгіз бен бақа» мысалында: Көрсеқызар, көре алмаушылық қасиеттер
сыналады, кейіпкерлері-бақа, өгіз.
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның
дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-
тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді.
“Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып,
қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен
айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру,
терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің
мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, “Қырық мысал”
деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде
ұсынды.
Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне сай келетін,
надандығын,
жалқаулығын,
алтыбақан
алауыздығын
әшкерелейтін
мысалдарды таңдап, талғап аударды.
Патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының хал-ахуалын әбден
төмендетіп, шымбайына батқанын көре білген Ахмет Байтұрсынов 1913 ж.
“Жиған-терген” атты өлеңінде:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың! – деп қалың елі қазағының хал-ахуалын тебірене
жыр етті.
Ал 1913 ж. “Қазақ” газетінде жарияланған “Оқу жайы” атты мақаласында
мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп,
“Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар