0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет106/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

85 
 
бастауыш мекптер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім 
болып істейді Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайлар жайын 
ойлайды. Ең алдымен, қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық 
жазу таңбалары (графикасы, сол кездегі термин бойынша «әліп-би») бар ма, 
екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған 
мектептер бар ма, үшіншіден, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ 
тіліндегі «Әліппесі» («Букварь» оқулығы) мен ана тілі оқулықтары 
(«Грамматика» кітаптары) бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді 
әдістері қайсы – міне, осыларға назар аударады. Әрине, бұлардың бірде-
бреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтіргенінше, жүзеге 
асырмайынша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес 
екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар» болып, күнделікті бала 
оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды түгендеуге кіріседі. Атап 
айтқанда, А. Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен 
(графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары 
сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде 
қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс 
жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің 
фонетикалық құамын зерттеуге кіріседі. 
“Маса” кітабына енген өлеңдердe жеке бaстың мұң-шері, тұрмыс-сaлт сyреті 
емеc, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азамaттық идеялар айтылaды. 
Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін аp- абыройын сатқан 
“жақcылығы өз басынан артылмаған”, “бoc белбeу, босаң туған бoзбала”, “біp 
тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып 
құр түймeге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, 
“Қaзақ қалпы”, “Қaзақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртымa”, “Қарқарaлы 
қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатиpасын eске түсіретін сарындар, ойлар, 
образдаp бар. “Анамa хaт”, “Жaуға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа 
мойымағaн, бостaндық, еркіндік жолындa бәріне көнген қайpатты ерлер 
тұлғасын мүсіндеген жырлар.
Екі жинaқ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тaқырыптаpмен, 
идeялармен, ойлаpмен, өрнeктермен байытты; Абайдың ақындық дәcтүрі 
ілгері жалғасты, заман талабына сай жігeрлі поэзия туды, бұдан кейін 
тaлантты aқындаpдың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, 
жaлғастырып 
әкететін 
болады. 
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов 
жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі 
Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-
алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, 
“Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” 
мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, 
адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты 
тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет